3-бөлім БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАЛАПТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Бағдарламалық өнімді құру оған қойылатын талаптарды жинаудан
және жеңілдетуден басталады.
Талап - бұл бағдарламалық қамсыздандыруды қанағаттандыруы тиіс
шарт немесе сипаттамасы.
Бастапқыда жиналатын талаптар тапсырыс берушінің алғашқы талаптары (ТАТ) деп аталады. Тапсырыс берушінің алғашқы
талаптары жиналыс хаттамаларын, тапсырыс берушімен және
пайдаланушылармен сұхбаттарды, түрлі құжаттардың көшірмелері мен
түпнұсқаларын, ұқсас бағдарламалық өнімдер және өзге материалдар
туралы мәліметтерді қамтиды.
Бұдан кейін бағдарламалық қамсыздандырудың компоненттеріне қойылатын талаптар - бағдарламалық және техникалық құралдарға,
деректер қорына сәйкестігі.
Тапсырыс берушінің алғашқы талаптары бір-біріне қарама-қайшы
болмауы тиіс және де пайдалы ақпараттан тұратын «артық» құжаттар
болмауы тиіс. негізінде, талаптар мен тілектер құрылымдалмаған,
көбінесе қарама-қайшы, барлық келісімдер, жұмыс жиналыстарының
хаттамалары, тексерудің алғашқы жазылған материалдары бойынша
шашыраңқы болуы мүмкін.
Салдарында, осы талаптарды орындауды тіркеу мен бақылау
жөніндегі ұйымдаспаған күшсіз барлық талаптарды есепке алмау үлкен
қауіп.
Проблеманы шешу жеткілікті екендігі сөзсіз: жиналатын талаптарды
есепке алуды жүргізу қажет және олардың өңделуін, бағалануын және
іске асырылуын (немесе іске асырылудан істен шығу) бақылау керек.
Мұндай жұмыс талаптарды басқару жөніндегі жұмыс деп аталады.
Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды басқару