98 UML - БІРІЗДЕНДІРІЛГЕН МОДЕЛЬДЕУ ТІЛІ Нысанға бағытталған тәсілдің көптеген қолданыстағы әдістері
модельдеу тілі мен модельдеу процесін сипаттауды қамтиды.
Модельдеу процесі - бұл жобаны әзірлеу кезінде орындау қажет
қадамдардың сипаттамасы.
Нысанды тәсілдің модельдеу тілі ретінде UML біріздендірілген модельдеу тілі (Unified Modeling Language) қолданылады, модельдеу
үшін диаграммалардың стандартты жиынтығынан тұрады.
UML - бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу саласындағы
нысанды модельдеуге арналған графикалық сипаттама тілі.
UML-модель деп аталатын жүйенің дерексіз моделін құру үшін
графикалық шартты атауларын қолданатын ашық стандарт. UML негізгі
бағдарламалық жүйеде анықтау, көзбен көру, жобалау және құжаттау
үшін құрылған. UML бағдарламалау тілі болып табылмайды, бірақ
UML-модельдерінің негізінде бағдарлама кодының генерациясы
мүмкін.
UML модельдеудің әмбебап тілін әзірлеу өткен ғасырдың 90-ншы
жылдарының ортасынан нысанға бағытталған бәрнеше тәсілдердің
негізінде және бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттама нотациясы
негізінде басталды.
Бағдарламалық қамсыздандырудың әмбебап сипаттама тілін құруға
себеп болған шешілетін міндеттердің өз кезегінде қиындауымен
жобаланатын бағдарламалық өнімдердің үнемі болатын қиындықтары
болып табылады.
Ақпараттық жүйе нысандардың саны 7-8 асқанда (адам қосымша
жазбасыз ақпаратты негіздей алмайтын психологиялық бөгеттері)
жүйені жобалау кезінде туындайтын қиындықтар арнайы құралдарсыз
мүмкін емес. Мұндай бағдарламалық қамсыздандыру (бір жұмыс орны
үшін немесе шағын компания үшін) бір адамды құруға қабілетті.
Нысандардың,
жағдайлардың
және
олардың
арасындағы
өткелдердің саны бірнеше мыңға жеткенде, онда ешбір маман
қаншалықты тәжірибелік және білімді болғанына қарамастан бүкіл
жүйені толық қамтуы мүмкін болмайды.
Мұндай жүйелер әзірлеушілер тобының функционалды рөлдерін
бөлумен құрылады. Онда қарым-қатынас құралы қажет болады, ол UML
болып табылады.
UML әзірлеудің басты мақсаттары мыналар болды: