97 нысанының сыртқы жүріс-тұрысын белгілейді, ал инкапсуляция осы
жүріс-тұрысты қамтамасыз ететін іске асырудан тұрады және ашады.
Инкапсуляцияға ақпараттық жабық көмегімен қол жеткізіледі. Әдетте
нысандардың құрылымы және оларды іске асыру көрінбейді.
Модульділік - бұл модульдер қатарына оның декомпозиция
мүмкіндігімен
байланысты
бағдарламалық
құралдың
қасиеті.
Модульдер физикалық контейнерлер болып табылады, мұнда логикалық
өңдеу кластары мен нысандары жарияланады. Модульдерге
декомпозицияның жалпы мақсаты - бағдарламалық қамсыздандырудың
жобалануы мен өзгеруі тәуелсіз болатын модульдердің есебінен
бағдарламақ қамсыздандыру қиындығын азайту. Модульдерді іске
асыруды өзгерту олардың жүріс-тұрыстарына әсерсіз және басқа
модульдердің іске асырылуын білусіз жүргізілуі керек.
Иерархия (иерархиялық ұйымдастыру) - бұл иерархиялық құрылым
абстрациясынан қалыптасу, яғни олардың деңгейлері бойынша
орналасуы. Иерархиялық құрылымның негізгі түрлері күрделі
жүйелерге қатысты болып табылуы:
■
класс құрылымы (бір класс бір немесе бірнеше басқа кластардың
бөлігін құрылымдық немесе функционалдық бөлігін қолданады);
■
нысандардың құрылымы (агрегация, мысалы «жазба» типінің
құрылымы).
Нысанға бағытталған тәсіл келесі артықшылықтарға ие:
■
нысанды декомпозиция анық көрінетін құралдардың қажетті
үнемділігін қамтамасыз ететін жалпы механизмдерді қолдану
арқылы аз көлемді модельдерді құру мүмкіндігін береді. Нысанды
тәсілді қолдану әзірлеу деңгейін арттырады және қайта қолдану үшін
жарамдылығын арттырады, ол модельдерді жинап құруға және
әзірлеу ортасын құруға әкеледі;
■
нысанды декомпозиция күрделі модельдерді құрудан бас тартуға
мүмкіндік береді, себебі ол азғантай қосалқы жүйелер негізінде
модельдің дамытудың эволюциялық жолын болжайды;
■
нысанды модель табиғи, себебі әлемді адамның қабылдауына
бағдарланған.
Нысанға бағытталған тәсілдің кемшіліктеріне жобалау кезіндегі
жоғары бастапқы шығындар жатады. Бұл тәсіл өзін бірден өтемейді.
Оны қолданудан тиімділігі екі-үш жобаны әзірлеуден кейін және қайта
қолданылатын компоненттерінің жиналуынан кейін көрінеді.