Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


күрделі нашарлауына дейінгі кезең)



Pdf көрінісі
бет116/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

күрделі нашарлауына дейінгі кезең), адам өз үшін жаңа 
əлеуметтік мəртебені меңгеріп, төмендегідей сипаттамалармен 
айшықталады:
1) Дамудың əлеуметтік жағдайы:
– Негізінен өзі сияқты қарттармен араласады.
– Қарттың бос уақытын «пайдаланатын» немесе оған 
«қамқорлық» көрсететін отбасы мүшелерімен араласуы.
– Кейбір зейнеткерлер қоғамдық істе өздері үшін жаңа 
қатынастарды орнату мүмкіндігіне ие болады (тіптен, кəсіби 
қызметін жалғастыруы мүмкін).
– Кейбір зейнеткерлер үшін өзге адамдармен араласудың 
мəні өзгеруі мүмкін, мысалы, кейбір авторлардың пікірінше, қарт 
үшін бұрында жақын болған байланыстар біртіндеп, «бұрынғы 
жақындығынан айырылып, анағұрлым жалпылана бастайды».
2) Жетекші іс-əрекеті:
– Бос уақытта іспен айналысу.
– Дербес ар-намыс сезімін дəлелдеуге тырысу. 
– Көптеген қарт адамдардың бұл кезеңдегі жетекші іс-əрекеті 
о дүниеге аттануға даярлық болуы мүмкін. Олар дінді дəріптеп, 
бейіт басына барғыштауы мүмкін.
4. Денсаулығы күрт нашарлауы жағдайындағы ұзақ өмір 
сүру кезеңі денсаулығы тың кезеңнен түбегейлі өзгеше келеді. 
1) Дамудың əлеуметтік жағдайы:
– Негізінен туысқандарымен сондай-ақ дəрігерлермен, пала-
талас науқастармен (егер қарт стационарлық ем-дом қабылдаған 
болса) қарым-қатынаста болу. 
– Қарт адамдарға арналған үйдегі палаталас көршілерімен 
қарым-қатынас.
– Өкінішке орай, көптеген қарттар үйінде үйдегі жағдайдан 
гөрі тым нашар болуы мүмкін.


343
2) Жетекші іс-əрекеті:
– Емделу, сырқатымен қалай да күресуге ұмтылысы. 
– Өз өмірінің мағынасын ұғыну кезеңі. 
5. Денсаулығының жағдайы қалыпты күйде ұзақ өмір 
сүру (шамамен, 75-80 жастан ары немесе жоғары) кезеңі
төмендегідей құрылымдармен сипатталуы мүмкін.
1) Дамудың əлеуметтік жағдайы:
– Отбасында қарт адамның болғанына мақтанатын 
жақындарымен, туысқандарымен араласу. Қарт адам отбасының 
басқа мүшелерінің болашақта ұзақ өмір сүру символына айнала-
ды.
– Дені сау ұзақ өмір сүрген қарт үшін жаңа таныстары мен
достары пайда болуы мүмкін.
– Ұзақ өмір сүрген қарт сирек кездесетін құбылыс 
болғандықтан, ол адаммен бұқаралық ақпарат құралдарынан 
бастап əртүрлі адамдар араласқысы келеді, сол себептті қарт 
таныстарының шеңбері біршама кеңеюі де мүмкін.
2) Жетекші іс-əрекеті:
– Жетекші іс-əрекет көбінде қарттың бейімділіктеріне бай-
ланысты болуы мүмкін. Сірə, денсаулығын қалыпта сақтау үшін 
дəрігердің ұйғарымынан басқа, денсаулық сезімінің өзі қажет бо-
луы мүмкін
Осылайша, қарттықта өмірге қанағаттану сезімі орнауы 
мүмкін бе деген сұрақтың туындауы орынды. Олай болса, ол 
күйзелістің табиғаты қандай болуы мүмкін. «Бақытты қарттық» 
ұғымы Н. Ф. Шахматовтың еңбектерінде кеңірек ашылған. Оның 
пікірінше, бақытты қарттық бұл – адамның негізгі бағыт бойынша
өзінің қарттық болмысына қатынасы аталмыш əдеп категорияла-
рына сəйкес келген жағдайдағы психикалық өмір.
Сонымен қатар, қарттардың шығармашылық өнімділігі жайлы 
мəселе өзектілігін жоғалтпауда. Анағұрлым интеллектілі адамдар-
да ақыл-есі төмендеудің орнына жасы ұлғайған сайын есінің ар-
туы байқалуы мүмкін. Қарттың интеллекті деңгейінің төмендеуі 
не артуы іс-əрекетке еніп, қарттықта тұрақталып, төмендемейтін 
көрсеткіштерді айшықтайды. Оның дəлелдерін көптеп келтіруге 
болады: 
Микеланджело Буонарроти, мүсінші, суретші (1475-1564) – 89 
жас.


344
Тициан, суретші (1477-1576) – 99 жас.
Иоганн Вольфганг Гете, жазушы (1749-1832) – 83 жас.
Джузеппе Верди, композитор (1813-1901) – 88 жас.
И. П. Павлов, физиолог (1849-1936) – 87 жас.
Бернард Шоу, жазушы (1856-1950) – 94 жас.
Этель Войнич, жазушы (1864-1960) – 96 жас.
А. А. Яблочкина, актриса (1866-1964) – 98 жас.
Бертран Рассел, математик, философ (1872-1970) – 98 жас.
Сомерсет Моэм, жазушы (1874-1965) – 91 жас.
С. Т. Коненков, мүсінші (1874-1971) – 97 жас.
Альберт Швейцер, ойшыл, дəрігер, музыкант (1875-1965) – 90 
жас.
Мартирос Сарьян, суретші (1880-1972) – 92 жас.
Пабло Пикассо, суретші (1881-1973) – 92 жас.
Жамбыл Жабаев, ақын (1846-1945) – 99 жас.
Қасым Қайсенов, жазушы (1918-2006) – 88 жас.
Талғат Бигельдинов, Авиация генерал-майоры, КСРО екі 
мəрте батыры, «Барыс» орденінің иегері, ұшқыш (1922) – 91 жас.
Бұл адамдар өмірінің соңына дейін белсенді шығармашылық 
іспен айналысқан. Осылайша, өмір барысында шығармашылық 
қабілеттердің өзгеру себептері қарттықтан гөрі, олардың өмір сал-
ты мен дарынды адамдардың мамандығының талаптарына байла-
нысты болуы мүмкін. 
Ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арма-
ны. Өкінішке орай, Қазақстанда осы арманына толық жете алмай 
кететіндер саны дамыған елдердегімен салыстырғанда əлдеқайда 
көп. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда орташа 
өмір сүру жасы 65-67 жас. Бұл Батыс елдерімен салыстырғанда 
өте төмен көрсеткіш. Қазір 100-ге келген қариялар бар екен деген 
дерек біз үшін таңғаларлық жаңалыққа айналып барады. Жасы 
100-ге жеткендердің саны бар болғаны 25 адам ғана. Ұзақ өмір 
сүру көрсеткіштері бойынша біздің ел 153, ал Украина 151 орын-
да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет