Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет119/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Қ О С Ы М Ш А Л А Р


352
1-ҚОСЫМША
ГЛОССАРИЙ
Шартсыз рефлекстер – нақты сыртқы қоздырғыштарға ав-
томатты, ырықсыз түрде жауап беру. Кейбір рефлекстер сыртқы 
əлемге физиологиялық бейімделуді қамтамасыз етіп, кейіннен 
ему, іздеу, тамақтану, қорғану жəне т.с.с. рефлекстерінде 
сақталады. Басқа рефлекстер атавистік сипатта болып, жануарлар 
тегінен алынған мұраны білдіреді.
Саналылық – мəн арқылы анықталады, өйткені тілде 
(сөйлеуде) көрініс табатын дүниенің барлығы саналы. 
Онтогенез – туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара 
даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен 
жəне жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму 
ретінде анықталған ұғымға сəйкес келмейді. 
Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай 
организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері, 
мөлшерлерінің ұлғаюы. 
Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу 
үдерісі. Даму əрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа 
қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған 
сəйкес даму объектісі – оқшауланған элемент емес, жүйе болып 
табылады.
Дағдарыс – онтогенетикалық дамудағы дамудың бұзылуы. 
Конвергенция – тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-
бірі толықтыруы мен өзара əрекеттесуін болжайтын ортақтастық.
Жетілу – генетикалық жоспарға сəйкес органикалық өсу мен 
дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық жəне сапалы 
өзгерістерді қамтиды. 
Салыстырмалы 
əдіс – сыналушылардың 
немесе 
таңдаулардың əртүрлі топтарының салыстырылуы. 
Лонгитюдті əдіс немесе «бойлай қима» əдісі – бір адамның 
уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуі.
Эмпирикалық əдістер – бақылау жəне өзіндік бақылау; экс-
перимент жəне психодинамикалық əдістері (тестер, анкеталар, 
сұрақнамалар, социометрия, сұхбаттасу жəне əңгімелесу) іс-
əрекеттің үдерістері мен нəтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық 


353
əдістер (адамның өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың 
талдамасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет