Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-сызба. Л. С. Выготский бойынша жоғары психикалық



Pdf көрінісі
бет36/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

11-сызба. Л. С. Выготский бойынша жоғары психикалық 
қызметтердің даму жолдары
ǏǗàljǙǤ
ǘǚǑǞǑǓljǔǤâ
âǤǐǕǎǛǛǎǙǍǀä
ǍljǕǜǤ
ǘǺDZǾDZdzǩǴȄá
áȄǰǵǮǻǻǮǹǭȎã
DZǶǻǮǹDZǷǹDZǰǩǿDZȈǴǩǶǼȄ
NJǮǴǬȎǶȎãǺȄǹǻáȄ
ǯǷǺǸǩǹǭǩǶȎȁdzȎǬǮdzåȁǼ
éǹǭȎǺȎ
ǕÝǶǭǮǹǭȎãǭǩǵǼȄ
ǏǩǴǸȄǴǩǼ
áçǹȄǴȄǵȄǶȄã
åǰǬǮǹȎǺȎǶǮǶ
áçǹǩǴǩǭȄ
ǚǑǖǓǙǎǛǛǎǙ
dzǮǰǭǮDzǺǷá
ǷǪȃǮdzǻDZǫǻȎ
ǪǮǴǬȎǴǮǹȎǪǷDzȄǶȁǩ
ǯǩǴǸȄǴǩǼ
èàǤǕǍljǙ
ǵǩãȄǰǭȄ
ǷǪȃǮdzǻDZǫǻȎǪǮǴǬȎǴǮǹ
ǪǷDzȄǶȁǩǯǩǴǸȄǴǩǼ
ǓǎǡǎǖǍǎǙ
ǷǪȃǮdzǻDZǫǻȎǭǮǹǮdzǻȎ
ǪȎǹǩáǵǩßȄǶǩǺȄǰ
ǪǮǴǬȎǴǮǹǪǷDzȄǶȁǩ
ǯǩǴǸȄǴǩǼ
Психикалық қызметтердің интериоризациялануы Л. С. Вы-
готскийдің түсінігінше – бұл белгінің сыртқы жоспардан ішкіге 
көшу үдерісі.
Жоғары психикалық қызметтер дамуының заңы бірқатар 
теориялық қорытындылар мен тұрғыларды құрастыруға мүмкіндік 
береді:

баланың бастапқыдан əлеуметенгендігі жөнінде. Даму 
əлеуметтенудің бір түрінен келесісіне бағытталған қозғалыс 
ретінде жүреді. Даралық əлеуметтену үдерісінің нəтижесі болып 
табылады;

қарым-қатынастың рөлі жайында. Ересекпен қарым-
қатынас пен ынтымақтастық психикалық дамудың негізін əрі 
қажет шартын құрайды;

сананың ішкі жоспарының қалыптасуы ретінде интерио-
ризация үдерісінің жаңа түсінігі жайында.
Мəндердің дамуы дамудың екінші жолы екендігін жоғарыда 
баяндаған болатынбыз. Оның негізі жалпылау құрылымының 


89
өзгерісінен құралады. Ол: синкреттер (кездейсоқ объективті 
белгілері бойынша жалпылау); кешендер (объективті деректі, 
бірақ мағынасыз белгілер бойынша жалпылау); ұғымдар 
(маңызды объективті белгілер бойынша жалпылау) атты үш 
кезеңнен құралады.
5. Оқыту мен тəрбиенің арақатынасы
Оқыту мен тəрбиенің арақатынасы Л. С. Выготский үшін 
негізгі мəселе болды. Ол оқыту мен тəрбиенің арақатынасы ту-
ралы мəселені шешуге əрекеттенген тұрғыларды сын тұрғысынан 
қарастырады; даму үшін оқытудың жетекші рөлі туралы тұрғыны 
теория жүзінде негіздейді; «жақын даму аймағы» ұғымын енгізіп,
оны айқындау процедурасын құрастырады; дамытпалы оқытуға 
қойылатын талаптарды құрастырады.
Л. С. Выготский оқыту мен тəрбиенің арақатынасы тура-
лы мəселенің шешімінің негізгі үш тұғырды атап көрсетеді. 
Бірінші тұғыр (нативизм, жетілу теориялары, В. Штерн, Ж. Пиа-
же) дамудың оқытудан тəуелсіздігін баяндайды. Екінші тұғыр 
(бихевиоризм, үйрету теориялары) даму үйретудің əрбір ады-
мы дамудың бір адымына тең деп тұжырымдайтын үйретумен 
теңдестіріледі. Үшінші тұғыр (К. Коффка) белгілі бір дəрежеде 
оқытудың дамуға ықпалын мойындаған. Коффка дамудың 
жетілу жəне оқыту ретінде екі түрі бар деп есептеген. Кез келген 
оқыту жалпы жəне ерекше ықпал етеді. Ерекше ықпал білімдер, 
дағдылар, іскерліктер болса, жалпы ықпалдың негізінде біз жаңа 
міндеттерді шешуде жоғары нəтижелерге қол жеткізіп, болашақта 
оқытуға едəуір қабілетті бола аламыз. Коффка бойынша ағза 
қайсыбір міндетті меңгергенде, ол бұрында шешімін таба алмаған 
басқа да міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті болады.
Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтердің шығу 
тегі мен табиғаты туралы ілімді негізге ала отыра, оқытуды 
дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырады. Оқыту жоғары 
психикалық қызметтердің үлгілерін ұсынады. Зерттеуші үшін 
дамудың көрсеткіші – табиғи психикалық қызметтерден жоғары 
психикалық қызметтерге көшуде анықталады. Оқытудың дамудың 
алдында жүретіндігі, оқыту арқылы санаға жоғары психикалық 


90
қызметтердің енгізілуіне байланысты. Алайда кез келген оқыту 
жетекші бола бермейді. «Дамуды жетелейтін оқыту» баланың 
жақын даму аймағында жүзеге асырылып, ғылыми ұғымдардың 
жүйесі оның мазмұнына айналуы тиіс. Л. С. Выготский баланың 
психикалық дамуының деңгейін тест арқылы айқындауға 
қарсылығын білдіре отырып, онда баланың қол жеткізген 
деңгейін ғана емес, сонымен қатар дамудың болашағын білдіретін 
деңгейді де ескеру қажет деп есептеген. Жақын даму аймағы – бұл 
баланың дербес іс-əрекетінде анықталатын даму деңгейі (оның 
өзекті дамуының деңгейі) мен ересекпен ынтымақтастықта 
қол жеткізетін жəне жақын болашақта өзекті деңгейге ұласатын 
деңгейдің (оның əлеуетті дамуының деңгейі) арасындағы 
айырмашылық. Осылайша, жақын даму аймағы ұғымында ересек-
пен қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың рөлі, яғни оқытудың 
рөлі көрсетілген. Жақын даму аймағы ұғымының дамудың жақын 
болашағына негіздемелі болжам жасауға, диагностикалық жəне 
түзетуші міндеттерді шешуге мүмкіндік беруі оның тəжірибелік 
мəнін арттырады. Жақын даму аймағының көлемі, яғни 
баланың дербес іс-əрекетінде дамуының деңгейі мен ересекпен 
ынтымақтастықтағы даму деңгейінің арасындағы айырмашылық 
екі шартқа:
«Жетіліп келе жатқан қабілеттерге», яғни психологиялық 
қабілеттердің ішкі қисынына жəне баланың ересекпен біріккен 
іс-əрекетке жəне ынтымақтастықтың нақты түрлеріне ену 
мүмкіндіктеріне байланысты болады; өзекті дамудың деңгейі 
белгілі дəрежеде ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін шектейді.
Ересекпен ұсынылатын өзара əрекеттестіктің мазмұны мен 
тəсілдеріне, біріккен іс-əрекет пен ынтымақтастық түрлеріне бай-
ланысты болады.
Ғылыми ұғымдардың жүйесі дамытпалы ұғымдардың 
мазмұнын құрайды. Ғылыми ұғымдар қоғамдық-тарихи 
тəжірибені пайдаланып, жалпылаудың құрылымын енгізеді. 
Сондықтан баланың санасын өңдейтін ұғымдардың меңгерілуіне 
бағдарланған оқыту ғана тиімді болады. 


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет