Байланысты: Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2
2. Əлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі жайында Əлеуметтік орта субъект меңгеруі тиіс адамға тəн тектік
қабілеттерді қамтитын барлық материалды жəне рухани
құндылықтар қамтылған дамудың бастауы ретінде түсіндіріледі.
Мінсіз қалып жиынтықталған əлеуметтік іс-əрекеттің тəжірибесін,
адамға тəн психологиялық қабілеттер мен қасиеттердің идеалды
үлгілерін бейнелеу ретінде анықталады (Л. С. Выготский, Д.
Б. Эльконин).
Тұқымқуалаушылық психикалық дамудың қажет, алай-
да жеткіліксіз шарты болып табылады. Адам болу үшін
тұқымқуалаушылықпен
бекітілген
сəйкес
анатомиялық-
физиологиялық құрылысы мен физиологиялық қасиеттері бар
адам болып туу қажет.
Адамның психикалық дамуы үшін органикалық тұқым
қуалаушылықтың қажеттігі:
1) жоғары приматтарда адамға тəн қабілеттерді қалыптастыру
мақсатында оларды тəрбиелеу жөніндегі тəжірибелермен;
2) тұқымқуалаушылық зақымданғанда психикалық дамудың
бұзылыстарымен дəлелденеді. Кемістіктерді түзету жəне орнын
толтыру мүмкіндіктері шексіз емес. Көптеген генетикалық ауру-
лар онтогенездің қайтарымсыз бұзылуын əкеп соқтырады.
Адамның тұқымқуалаушылығының қызмет етуші жүйе-
лерінің икемділігі, иілгішітігі оның жоғары жүйке жүйесінің
морфофизиологиялық құрылысына сəйкес ерекшеліктері болып
табылады. Органикалық тұқымқуалаушылықтың негізін оның
ерекше анатомиялық-физиологиялық құрылысы; жоғары жүйке
жүйесімен қатар, ағзалар мен құрылымдарының жетілу реті мен
екпінін анықтатын генотипі; күрделі жүйелі құрылым ретінде
темпераменті (қажеттіліктердің кезеңділігі, белсенділіктің
деңгейі, жаңалыққа реакциясы, тітіркендіргіштерге бейімделу
жылдамдығы жəне т.с.с.), жүйке жүйесінің қасиеттері, жоғары
жүйке жүйесі дамуының ортақ заңымен жəне т.с.с. құрайды.
Қазіргі заманғы даму психологиясындағы жақсы сəйкестік тео-
риясы тұқымқуалаушылықтың жақсы не жаман болмайтынын,
97
тек баланың тума ерекшеліктері мен ортаның арасындағы жақсы
не жаман сəйкестігінің болатынын тұжырымдайды. Баланың кез
келген ерекшеліктері ортаның ерекшеліктерімен, ересектің сəйкес
мінез-құлқымен жəне баламен ынтымақтастығының сипатымен
теңдестірілуі тиіс.