Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет44/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

үш кезеңде дамып, жүзеге асырылады: 
– екі-үш жас шамасында негізінен ойыншықты беру немесе 
тартып алу, ашу немесе іске қосу, құрастыру немесе бөлшектеу 
əрекеттері арқылы ойыншықтармен қатынастарының негізінде 
сипатталады. Осы тектес қарым-қатынас едəуір епті, өнертапқыш 
серіктес ретінде ересекпен ынтымақтастықтың барысында 
біріккен іс-əрекеттегі балалық қажеттіліктерді қанағаттандырады;
– төрт-бес жастағы танымдық ақпарат бала мен ересектің: 
«неге?», «не үшін?» деген коммуникативті өзара əрекеттестігіне
негіз болады; 
– алты-жеті жаста балалардың айналасындағы адамдарға, 
өзінің жəне құрдастарының тұлғасына қызығушылығы оя-
нады. Дəл осы жас шамасында қарым-қатынастың едəуір 
жоғары мазмұнымен жүзеге асатын өз тұлғасын сыйластықпен 
қабылдау, өзара түсіну қажеттілігі дамиды. Басқаша айтқанда, 
мектепке дейінгі балалық шақта ересектермен коммуникативті 
байланыстардың 
мазмұны 
практикалық 
байланыстардан 
танымдық байланыстарға, одан тұлғалық ақпаратқа да алмасады.
Егер мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы сізді 
алаңдатып, 
сізге 
оның 
психологиялық 
жайсыздығының 


105
себебін анықтау қажеттігі туындаса, онда оның қарым-қатынас 
тəжірибесінің даму ерекшеліктеріне көз салыңыз. Оның педа-
гогпен коммуникативті қатынасының мазмұны қандай? Оның 
қарым-қатынастағы ақпараттық қалауы қандай? Ол танымдық 
тəжірибесін қалай толықтырады?
Кеңестік психологияда адамның тұлға ретінде анықталуының 
тектік қабілеті биологиялық белгіленбей, керісінше, əр адамның 
əлеуметтік-тарихи қатынастарымен шартталатындығы жайлы те-
зис қалыптасқан.
Бала дүниеге шыр етіп келгенде, көп ұзамай оның болашақ 
тұлғасының қалыптасуына маңызды оқиғалар орын ала бастайды. 
Өмір, баланың ішкі əрі сыртқы іс-əрекеттерінің дамуы тікелей 
бала психикасының дамуына негіз болады.
Бала психикасының дамуы турасында А. Н. Леонтьевтің 
жетекші іс-əрекет жайлы ілімінің маңызы ерекше. Əрбір жас 
кезеңінде жетекші іс-əрекет механизмінің тұлғаға ықпалы қандай? 
Балалар психологиясында, ерте балалық шақтың соңына 
қарай баланың ересекпен біріккен іс-əрекетінің ыдырайтыны 
белгілі. Ол өз іс-əрекетін жəне өзін ересектен бөле бастайды. 
Соңғысының қызметтері мен қатынастары баламен ерекше ны-
сан ретінде қарастырылады. Ерте балалық шақта бала ересектің 
рөлін, ықпалын, өз-өзін түсіне алмайды. Сондықтан мінез-құлық 
ережелері де қалыптаспайды, тек ересек адам орталық үзбелі 
ретінде анықталатын жəне бала жағдайдың талаптарын орындау-
мен шектелетін қарым-қатынастың нақты жағдайы мен біріккен 
іс-əрекет орын алады. Тіл алу, «істейін, не істемейін» деген 
ой, мотивтердің күресі болмайтын проблема да туындамайды.
Бала, жағдай мен əрекет арасында аралық жеке-мотивациялық 
үзбелілерсіз тікелей əрекет етеді.
Ерте жəне мектепке дейінгі жас аралығында жағдай түбегейлі 
өзгереді. Біріккен іс-əрекеттің ыдырауы, өз бетінше əрекет етуге 
деген дербес тілектер мен бетбұрыстардың пайда болуы, баланың 
ересекті үлгі ретінде қабылдауына ұласады: мектеп жасына 
дейінгі баланың алғаш рет ересек сияқты əрекет ету мүмкіндігі 
пайда болып, ол өзін «ересек сияқты» ұстай бастайды.
А. Н. Леонтьев А. В. Запорожецтің (Т. О. Гиневскийдің,
З. М. Истоминаның, З. В. Мануйленконың, Я. З. Неверовичтың, 
Н. Г. Морозованың, Л. С. Славинаның, Д. Б. Элькониннің), 


106
басшылығымен орындалған көптеген зерттеулердің нəтижелерін 
жалпылай келе мектепке дейінгі шақ – тұлғаның бастапқы
қалыптасу кезеңі, мінез-құлықтың тұлғалық «механизмдерінің» 
даму кезеңі деген қорытындыға келеді. Бала дамуының мектеп жа-
сына дейінгі кезеңде тұлғасының алғашқы түйіндері қалыптасып, 
іс-əрекеттің, субъектінің жоғары бірлігі – тұлға тұтастығын 
құрайтын алғашқы байланыстары мен қатынастары орнай-
ды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалық шақ тұлғаның 
психологиялық механизмдерінің қалыптасу кезеңі болғандықтан, 
оның маңызды зор.
А. Н. Леонтьев тұлғаның қалыптасуын мектеп жасына 
дейінгі жас шамасында пайда болып, оның барысында дамитын 
құбылыс – мотивтердің бағыныштылығымен байланыстырады. 
Осы мəселеге қатысты жəне мектеп жасына дейінгі баланың іс-
əрекетін сипаттайтын деректерді талдаудың негізінде А. Н. Леон-
тьев мектеп жасына дейінгі кезеңде орын алатын іс-əрекеттің 
бір-бірін бекітетін немесе өзара шиеленісетін өзара бағынышты 
мотивтердің жүйесімен ерекшеленетінін қорытындылайды.
А. Н. Леонтьевтің теориялық тұғырлары біздің мектеп жа-
сына дейінгі шақтағы бала тұлғасының қалыптасуы жайлы 
түсініктеріміздің дамуына ықпал етті. Оның баса көрсеткен 
орталық үзбелі – іс-əрекеттегі мотивтердің өзара бағыныштылығы 
шын мəнінде орталық қызметті атқарып, тұлға қалыптасуына 
тікелей байланысты болады.
Бала тұлғасының қалыптасуында қатынастардың үш түрі: 
– өз-өзіне, 
– басқа адамдарға 
– заттық əлемге қатынасы ажыратылады. 
Тұлғаның негізін құрайтын қатынастардың нұсқалған түрлері 
оны толық түсіндермесе де, маңыздылығын жоғалтпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет