Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет51/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Бірінші жағдайда:
1. Туғаннан 1 жасқа дейін – нəресте жас кезеңі. Оның ішінде: 
а) бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін); б) еңбектеу жасы (7-12 ай).
2. 1-ден 3 жасқа дейін – бөбектер жасы.
3. 3-тен 7-ге дейін – сəби жасы.
4. 8-ден 11 жасқа дейін – періште жасы.
5. 12-ден 15 жасқа дейін – бозбала (қызбала).
6. 15 жастан бастап – үлкендер жасы.
Екінші жагдайда:
1. Туғаннан 1 жасқа дейін – нəресте жасы.
2. 1-ден 3 жасқа дейін – алғашқы балалық шақ немесе бөбек 
жасы.
3. 3-тен 7-ге дейін – мектепке дейінгі жас.
4. 7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы.
5. 11-16 жас аралығы – ортаншы кластағылар немесе 
жеткіншектер.
6. 16-18 жас аралығы – аға кластар немесе ересектер жасы.
Профессор А.В. Петровскийдің кітабында:
1. Туғаннан 1 -2 айға дейін – жаңа туған бала.
2. 1-2 айдан 1 жасқа дейін – нəресте.
3. 1-ден 3-ке дейін – ерте сəбилік шақ.
4. 3-тен 7 жаска дейін – мектепке дейінгі балалық шақ.
5. 7-ден 11 -12 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы. 
6. 12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең.
7. 14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік.
Ж. Қоянбаев кітабында адамның жас кезеңдері туғаннан 
қарттық жасқа дейін берілген.
1. 1-10 күн – жаңа туған бала.
2. 10 күннен 1 жасқа дейін – нəрестелік шақ.
3. 1-ден 3-ке дейін – сəбилік шақ.
4. 4-тен 7 жасқа дейін – бірінші балалық шақ.
8-ден 12 жасқа дейін – (ер балалар) екінші балалық шақ.
8-ден 11 жасқа дейін – (қыз балалар) екінші балалық шақ.
5. 13-тен 16 жасқа дейін – (ер балалар) жеткіншек шақ.
12-ден 15 жасқа дейін – (қыз балалар) жеткіншек шақ.


125
6. 17-ден 21 жасқа дейін – (ер балалар) жасөспірімдік шақ.
16-дан 20 жасқа дейін – (қыз балалар) жасөспірімдік шақ.
7. 22-ден 35 жасқа дейін –(ерлер) кəмелеттік жастың бірінші 
кезеңі.
21-ден 35 жасқа дейін – (əйелдер кəмелеттік жастың бірінші 
кезеңі.
36-дан 60 жасқа дейін – (ерлер) кəмелеттік жастың екінші
кезеңі.
36-дан 50 жасқа дейін – (əйелдер) кəмелеттік жастың екінші 
кезеңі.
8. 61 мен 74 жас аралығы – (ерлер) кексе жас. 56 мен 74 жас 
аралығы (əйелдер) кексе жас.
9. 75-90 жас аралығы – қарттық жас.
10. 90-нан жоғары жас – ұзақ жасау.
Қазіргі кезде студенттерге дəріс беруде біздің қолданып жүрген 
жас шақтарының атаулары төмендегідей:
1. Туғаннан 60 күнге дейін – нəрестелер.
2. 2 айдан 12 айға дейін – бөбектер.
3. 1-ден 3 жасқа дейін – сəбилер.
4. 3-тен 6-7 жасқа дейін – кішкентай балалар немесе ілік 
мектепшілер.
5. 6-7-ден 10-11 жасқа дейін кіші мектепшілер немесе 
жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.
6. 10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер – ортаншы мектепшілер 
немесе жасөспірімдер.
7. 15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер – а) жоғары мектепшілер 
немесе ержеткен ұлдар, бозбалалар, ə) бойжетіп қалған қыздар. 
Бұл кезең – жастық шақтың алғашкы кезеңі немесе балаң жастық 
шақ деп аталады.
8. 18 бен 22-23 арасындағы шақ – жастық шақтың 2-кезеңі – 
есейген жастар, студенттік шақ.
9. 23-тен 30-35-ке дейін –толысқан (кемелденген) жастық шақ.
Жоғарыда айтылғандай, адамның жас шақтарын жіктеп-
жүйелеу жəне олардың əр кезеңіне лайықты қазақша атаулары əлі 
күнге дейін бір ізге түсіп қалыптаспаған. Осындай кемшіліктер 
салдарынан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау ісінде 
үлкен олқылық орын алып отырғанын айтады.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет