М. М. Мұқанов бойынша балалар жасын кезеңдерге бөлу
1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та-
рихынан.
2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру
1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та-
рихынан
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай
жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның
есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының
қажет екенін мынадан: əр жас кезінде баланың өз үй ішінде жəне
құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз
олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін
киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас
кезеңін топтастырып көрейік.
Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нəресте жас кезеңі. Нəресте
жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
а) Бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
ə) Еңбектеу жасына (7айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кезеңді – бөбектер жасы дейді. Бұл кей
баланың тілі шығып, денесі ыңғайланып ойнай бастау кезеңі.
Бөбек өте мейірімді келеді. Мысалы, малдың төлдерін (лақты,
қозыны, бұзауды, т.б.) осы жастағылардың ұнататыны сондай,
қозының қасына келіп, үстінен сипап, не солардың дауысын са-
лып еліктейді. Қыздар мен ұлдардың осы жастағы ойыны алдыңғы
жастарға қарағанда қарапайым келеді. Қыз ойын үстінде көбінесе
шешесіне, ұлы əкесінің жұмыстарына еліктейді.
3-тен 7-ге дейін – сəби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың
қарапайым түрлерін орындауға қатысты: қыздар көбіне қазан-
аяқ ұстап шешелеріне көмектесті (нан илеу, от жағу, су əкелу
т.б.). Ұлдар бұзау не қозы бағып, тезек теріп, оны түйеге артып
əкелетін. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді
қайырып келетін-ді.
8-ден 11 жасқа дейін – періште жасы. Психикалық жəне
физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда,
қазіргі ғылыми тұрғысынан (1-1,5) жыл алда келетінін, елде
мəдениет таралмай тұрған кезде əбден жақсы білінді. Егер бұлар
127
бұзақы іс жасай қалғанда соның кінə екені осы жастардан соң
есептелінеді. Қыздар шешесіне көмек көрсетуге тиіс болса,
ұл балалар үй-ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді. Демек, осы
жастағылар игілікті өндірілуге қатыстырылды. Дегенмен бұл
жас əлі кішкентай болып есептелінді. Мəселен, біреудің үйіне
қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен дастарқан басына
отырғызылмайтын, тек шешесімен бірге ғана ас ішетін.
12 жастан 15 жасқа дейін – бозбала (қыз бала) кезеңі.
Бұл мезгіл ұл мен қыздардың едəуір есейіп қалған кезі. Мұны
мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы
қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен
бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес,
үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау, т.б.)
қосылатын.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп,
еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің ісін (қай
кезде үйленуін, т.б.) соған түгелдей арнады деп отырған жоқпыз,
осы тек шамамен айтылып отыр. Осы мағұлматтар баланың өз
жасынан (хронологиялық жасынан) басқа əлеумет жасының
кездескеніне дəлел бола алады.
Осы жөнінде сөз еткенде оқу мəселесін қозғаған жоқпыз.
Осы кезеңдегілердің ішінен бірең-сараңдары болмаса, (онда да
үстем тапқа жататындардың балалары) бұқара халықтың балала-
ры оқымайтын, бірақ олар өздерінің білімін, ақыл-ойын тіптен
дамытпады деуге болмайды. Біріншіден, балалар кіші жасынан
5-6 жасынан туған-туысқандарымен бірге жұмыс істеп, сөйтіп
үлкендерге еліктеу арқылы өзінің білімін, еңбек дағдыларын
дамытты. Екіншіден, бозбала не қыз бала ол кезде түрлі ойын-
сауықтарға қатысып, мəселен, айтыс кезінде кім қандай деректер
келтірілгенін тыңдап, кейін өлең шығаруға, сөзді тауып айтудың
айналасына ұмтылып, шешендік қабілетке ие бола бастайтын-ды.
Демек, оқымаған адам ешнəрсе білмейді деу қате пікір. Біз осы-
ны есепке алып, баланың психикалық дамуын ғылыми тұрғыдан
қандай кезеңдерге бөлінетіндігіне тоқталайық.
2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру.
Баланың ақыл-ойының өріс алу тек білімге тəуелді емес.
128
Себебі білім мен психикалық даму біз ілгеріде ескерттік. Егер
ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту əсер етпейді
дейтін Ж. Пиаженің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың
дамуы баланың қай жаста екеніне тəуелді келеді дейміз. Əрине,
бала психикасының қандай болып келуіне оның хронологиялық
жасының тікелей қатысы бар. Бала психикасының əр жаста
қандай болып келуіне əлеумет ортасы бұрынғыдан мүлде өзгеше:
қазіргі техника мен өндіріс саласына ие болу үшін жасөспірімдер
жасының көбін оқуға арнауы тиіс. Сондықтан да балалық кез
қазір көпке дейін созылады.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге
тəн баланың есеюіне əсер ететін себептер: үлкендердің балаға
қоятын талабы мен баланың өзбеттілігі ұмтылуының арасындағы
қайшылық «дағдарыс» көп кездеседі. Психологиялық тұрғыдан
осы принциптерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге
бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нəресте жасы. Бұл кезең əр нəрсені
сезуден жəне қозғалудан тұрады. Ж. Пиаженің системасында сезу-
қозғалу интеллектісінің бастапқы кезі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл
кезде баланың тілі шығып, əсіресе тілдің лексикасын жəне
грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл
қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен
өріс алады.
7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың
сөйлеу қабілеті үлкен дəрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі
болып дамиды.
11-16 – орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың
ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен
өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық жағынан үлкен
өзгерістерге ұшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатта-
лады. Жеткіншек –балалық кез бен ересек жасының шекарасы бо-
лып есептелінеді.
16-18 – аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл
кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі
16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға ұқсас
жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында
129
кездеседі. Бірақ ересек жаста «балалық» қасиеттер бірте-бірте
азая бастайды.
Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттама-
сы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге
бөлуіне қарағанда, баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл
екі арадағы есеюдің алғашқы əр дəуірдегі əлеумет ортасының
түрліше келуінен.
Осы келтірілген жас кезеңдерін психологиялық тұрғыдан
топтастыру балалар бақшасында не мектептерде ресми түрде
қабылданған жастарға үнемі сай келмейді. Себебі психологиялық
тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.
Біз ілгеріде балалар жасын тиісті кезеңдерге бөліп, сол
мезгілде кездесетін баланың есеюі мен оған қоятын үлкендердің
талабының арасында кездесетін қайшылықтарға байланысты
алатынын ескерттік. Бірақ бір жас кезеңнің екінші жас кезеңіне
көшуді үйлеспеушілікті толық дəлелдей алмайды. Егер осы
болған қайшылыққа сай баланың қажеттілігін қанағаттандыра
алмағандықтан көңілі бұзылады да, соны қамтамасыз ету үшін
бала əрекет жасайтын болады. Міне, алға қарай есеюдің тетігі
осында.
Достарыңызбен бөлісу: |