19
сандық (статистикалық) жəне сапалы талдау (мəліметтердің
топтарға жіктелуі жəне т.с.с.) əдістері жатады.
Төртінші топқа
интерпретациялық əдістер – генетикалық
жəне құрылымдық əдістер жатады.
Генетикалық əдіс зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің
психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са-
тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала-
рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің
арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
Құрылымдық əдіс тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттама-
ларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-тарды
жүзеге асырады.
Кез келген психологиялық зерттеу бірнеше ортақ сатылардан
құралады. Біріншісі – дайындық сатысы. Алдын ала жинақталған
мəліметтердің негізінде қайсібір психологиялық заңдылықтар
жайында жорамал ұсынылады. Екінші саты – бұл əртүрлі
нақты əдістемелердің көмегімен көзделген міндеттің сипаты-
мен анықталатын мəліметтерді ұсынатын зерттеудің өзі. Үшінші
сатыда маңызды байланыстар мен заңдылықтарды анықтау
мүмкіндігін беретін зерттеу мəліметтерінің сандық жəне сапалық
талдауы жасалынады. Төртінші сатыда алынған мəліметтердің
психологиялық теорияның негізінде талқылануы мен алғашқы
жорамалдың дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау үшін
интерпретациялық əдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: