12
адамдардың бастапқы теңдігі жайлы негізгі ұранының пайдасы-
на шешілді. Біздің əртүрлілігіміз қабілеттеріміздің əртүрлілігінен
емес, əлеуметтік жағдайларымыздың əртүрлі болуында.
Ж. М. Итард Вик-тордың интеллектісі
сақтаулы деп есепте-
ген, өйткені ол орманда адамдардың қолдауы мен қорғауынсыз
тірі қалмас еді. Бастапқы сабақтарда балада біршама алға жыл-
жу байқалады, ол фразаларды түсіне
бастайды, құралдармен
қарапайым амалдарды жəне тұрмыстық əрекеттерді атқара ба-
стайды. Алайда біраз уақыттан соң, оның дамуы тоқтап, жоғары
психикалық қызметтер – жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру
мүмкін болмады. Сонымен бірге
жыныстық жетілу кезеңінде
мінез-құлықтың агрессивтілігі мен оғаштығы орын алады.
Қырық жас шамасында Виктор қайтыс болады. Өмірдің өзі
жасаған осындай еріксіз «эксперимент» адамның психикалық
дамуының себептері мен шарттарына қатысты проблемаларға на-
зар аударуға міндеттеді. Ол үшін əлеуметтік орта мен тəрбиенің
мəні жайлы мəселе кеңінен талқыланып,
кейінірек қоғамдық
білім беру жүйесін құрудың əлеуметтік
проблемасына алма-
сады. Тұрғындардың барлығына бірдей қолайлы мектептерді
құру қажет пе əрі олар қандай болуы тиіс? Егер біз ерте балалық
шақта адамзат қарым-қатынасының молшылығынан айырылатын
болсақ, қандай күй кешер едік?
Аңызға сүйенсек германдық княздің ұлы Каспар Хаузердің
оқиғасы тағы бір ерекше мысал бола алады. Тақтың мұрагерлігіне
қатысты
қастандықтардың
салдарынан
оны
нəрестелік
шағында
басқа баламен алмастырып, төгілген қанның өзінен
қорыққандықтан, баланы тірі қалдырғанымен қатаң түрде
оқшаулап, тұтқында ұстайды. Жастық шағында ол күтпеген жер-
ден еркіндікке шығады. Каспар Хаузер көшеден табылады, ол
уақыт пен кеңістікте бағдарлана алмағанымен, сөйлей алатын бо-
лады. Тəрбиенің барысында Каспар Хаузер Викторға қарағанда
үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Алайда оның тағдыры
қыршыннан қиылып, бірнеше жыл өткен соң ажал құшады.
Қарым-қатынастың жетіспеушілігінен психикалық дамудың
бұзылуы депривация немесе госпитализм атауына ие болады.
Депривация дегеніміз – қайсыбір қажеттіліктің шектеулілігі,
аталмыш жағдайда баланың өзге адамдармен қарым-қатынастың
жетіспеушілігі. Неліктен сепарация (баланы жақындарынан айы-
ру) жəне депривация оған соншалықты жойқын əсер етті?
13
Сонымен, баланың онтогенезде психикалық дамуының
қозғаушы күштері мен себептері жайлы мəселе
теориялық
тұрғыда əрі əлеуметтік-практикалық жоспарда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: