ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
199
2005 жылдың 9 қыркүйегінде «Отан» республикалық партиясының VIIІ
съезінде мен Президент лауазымына үміткер ретінде ұсынылдым. Съезд
шешімімен президенттікке үміткерді қолдау бойынша «Халықтық коали-
ция» құрылды.
Бұл науқанның айрықша ерекшелігі – саяси партиялардың сайлаудың
дайындық кезеңіне де, оның өткізілуіне де белсенді түрде қатысуы болды.
«Отан» партиясымен қатар, тағы жеті саяси партия мен қоғамдық бірлестік
өздерінің үміткері ретінде менің кандидатурамды ұсынды. Орталық сайлау
комиссиясының тіркеуінен ресми түрде төрт үміткер өтті.
2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен Президент сайлауы – ХХІ ғасыр
басындағы Қазақстанның ішкі саяси өмірінің аса маңызды оқиғасы бол-
ды. Бұл үшінші (Конституция қабылданғаннан кейінгі екінші) бүкілхалықтық
сайлау еді. Сайлау тізімдеріне тіркелген 8,8 миллион сайлаушының шама-
мен 6,8 миллионы дауыс беруге қатысты. Олардың ішінде іс басындағы
Президентке дауыс бергендердің саны 6,1 миллион адам (91,2 процент).
Сайлау қорытындысын мен халық сенімінің көрінісі деп қарастырамын
– бұл сайлауда өз таңдаулысына әрі қарай да қызмет ете беруі үшін сенім
мандатын тапсырған біртұтас ұйымшыл халық жеңіп шықты деп ойлаймын.
Бұл сайлау оппозицияның ресми билікпен ұзақ тәжікеге ұласқан пікір-
таласына нүкте қойғандай болды. Партиялық жүйені қайта құрылымдау
процесі президент сайлауынан соң да жалғаса берді.
2006 жылдың 11 қаңтарында менің Қазақстан Республикасы Прези-
денті лауазымындағы қызметіме ресми кірісуімнің салтанатты рәсімі болып
өтті. Сол сәтте мен өкілеттігімнің жаңа кезеңінде, болашақта тап болуы-
мыз мүмкін барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Республика-
сының біртұтастығын, тұрақтылығын және әрі қарайғы қарышты дамуын
қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау ниетіме беки түстім. Біз
болжаған қиындықтар да көп күттірген жоқ – 2000-шы жылдардың екінші
жартысында-ақ әлемдік қоғамдастық пен жас Қазақстан айтарлықтай ауыр
сынақ, қауіп-қатермен бетпе-бет келді.
Достарыңызбен бөлісу: