198
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
2004 жылғы сайлауалды науқан кезінде тұңғыш рет дауыс берудің ав-
томаттандырылған жүйесі қолданылды, оның көмегімен өз үміткерлеріне
353 мың сайлаушы (18 процент) дауыс берді. Осы жылы енгізілген тағы бір
жаңалық: телевизиялық дебаттар өткізіле бастады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, бір мандатты аумақтық округтер-
ден 67 депутат сайланды, тағы 10 депутат партиялық тізім негізінде өтті.
Партиялық орындардың жетеуін «Отан» республикалық
саяси партиясы
алды, «Асар», «Ақ жол» және ЕАИО блогы бір-бір орынға ие болды.
Парламент орынтағына барып жайғасқан депутаттардың 59-ын саяси
партиялар ұсынған: «Отан» республикалық саяси партиясы – 42, ЕАИО
блогы – 11, «Асар» республикалық партиясы – 4, «Ақ жол» демократиялық
партиясы – 1, Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 депутат. Өзін-өзі
ұсынып, сайлау нәтижесінде парламент құрамына енгендердің саны – 18.
Парламент сайлауының жеңімпазы Мәжілістегі депутат орындарының
67 процентін иеленген «Отан» республикалық саяси партиясы болды.
Оның ізін ала ЕАИО блогы (14,5 процент) мен «Асар» партиясы орналасты
(5,2 процент). Мәжіліс төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды.
Сайлау науқаны басталардан сәл ғана бұрын, «Отан» партиясының VII
съезінде сөйлеген сөзімде, мен «Қазақстан қоғамы саяси кемелдік сынағы-
ның алдында тұр» деп атап көрсеткен едім. 2004 жылғы Парламент сай-
лауының қорытындысы Қазақстан халқының бұл сыннан сүрінбей өткенін
аңғартқандай болды.
2004 жылдың 29 желтоқсанында Астананың сол жағалауында бой көтер-
ген Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа ғимаратында Мәжілістің
алғашқы отырысы өтті. Бұл қазақстандық парламентаризмнің жаңа сапа-
лық деңгейге көтерілгенін көрсетті.
1995 жылы жалпыхалықтық референдум бойынша қабылданған Консти-
туцияның арқасында тарихымызда тұңғыш рет әлемдік тәжірибеде өзінің
аса жоғары тиімділігін дәлелдеген қос палаталы Парламент жүйесі жүзеге
асырылды. Енді, арада жиырма жылдай уақыт өткен кезде, қос палаталы
кәсіби Парламент заң шығару қызметін атқаратын жоғары өкілетті орган
ретінде уақыт сынына төтеп берді деп нық сеніммен айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: