ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
225
2008 жылдың ақпанында халыққа арнаған Жолдауымда бизнеске түсетін
әкімшілік салмақ мәселесіне қайта оралып соғуыма тура келді,
өйткені
алуан түрлі тексерулер ақылға сыятын шектен асып түсіп, экономика мен
жеке кәсіпкерлік үшін нағыз апатты ахуалға айнала бастады. Мұндай бей-
берекет тексерулердің менің саясатыма қайшы екенін ашық айтып, Үкімет-
ке оларды қысқарту туралы тапсырма бердім.
Шағын және орта бизнесті тексеруге тағы да мораторий жарияланып,
ол 2009 жылдың шілде айына дейін созылды. Сол 2009 жылы Үкіметке
бизнеске тексеру жүргізудің барлық рәсімдерін реттеу жүктелді. Ауқымды
жұмыс атқарылды, ақыры 2011 жылдың қаңтарында «Мемлекеттік бақылау
мен қадағалау туралы» заң күшіне енді.
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау саясаты ел үшін атқарылған игілікті іс
болып шықты. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың үлесі
ұдайы өсе түсті де, 2011 жылы 29 процентке жетті. 2012 жылы жеке кәсіп-
керлік 2,5 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: