НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


жылғы Жолдау: әлемдегі алдыңғы қатарлы



Pdf көрінісі
бет181/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2014 жылғы Жолдау: әлемдегі алдыңғы қатарлы 
30 елдің қатарына кіру жоспары 
«Қазақстан-2050» стратегиясын халыққа ұсынғаннан кейін іле-шала 
мен Үкіметке Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына ену 
тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. 2013 жылдың соңына қарай тұжы-
рымдама менің қарауыма ұсынылды. Тыңғылықты өңделгеннен кейін ол 
«Қазақстандық жол–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы-
ның мәтініне енгізілді.
Әлемдегі ең озық мемлекеттің біріне айналуды ұлы мақсат тұтқан біздің 
елге нақты іс-жоспар қажет еді. 2014 жылдың 17 қаңтарында бұл жоспар 
әрбір қазақстандыққа мәлім болды. Оны жүзеге асырудың жолы – елдің 
серпінді дамуы және құбылмалы жаһандық конъюнктураға жедел бейім-
деле алатын мобильді экономика. Мен сонда «жеңіл серуеннің» болмай-
тынын ескерттім: ғасырдың жартысы болып қалды, ал отыздықтағы орынға 
таласушы үміткерлер аз емес. Табыстың негізгі өлшемін Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін, әлемдік ІЖӨ-нің 60 
проценттен астамын өндіріп отырған 34 мемлекеттің көрсеткіштері ай-
ғақтайды. ЭЫДҰ стандарттары біздің елдің де бағдарына айналды.
Сандар тілімен айтқанда, бұл мынаны білдіреді: ІЖӨ-нің жыл сайынғы 
өсімі 4%-тен кем емес, ІЖӨ қуат сыйымдылығының төмендеуі екі есе, ин-
вестиция көлемінің ұлғаюы ІЖӨ-нің 18-ден 30 процентіне дейін; шикізат 
емес экспорттың үлесі – экспорттың жалпы көлемінің 70 процентіне дей-
ін, ғылымды қаржыландырудың өсуі ІЖӨ-нің 3 процентіне дейін, еңбек 
өнімділігінің бес есе өсуі, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесінің артуы 
20-дан 50 процентке дейін. Осы сандар арқылы «Қазақстан-2050» страте-
гиясы шынайы сипатқа ие болды.
Оның іс жүзіне асуының тетігі үдемелі орта мерзімді (бес жылға) жоспар-
лауда жатыр. Алдағы жол жеті бесжылдықты қамтиды. Менің пайымдауым-
ша, мобильді және мультимедиалы, нано-ғарыштық технологиялардың, 
роботты техникалардың, гендік инженерияның, болашақ энергиясының 
негізінде жаңа экономикалық салалардың құрылуы әрбір бесжылдықтың 
елеулі нәтижесі болмақ.
Инновациялық индустриаландыру, агроөнеркәсіптік кешеннің жаңғы-
руы, ғылымға негізделген экономика, инфрақұрылымдық даму (агломера-
ция, көлік, энергетика), бизнестің және адам әлеуетінің дамуы, мемлекеттік 
институттардың жетілдірілуі секілді басымдықтар өзгеріссіз қалды.


346
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Ұлттық экономикамызды аймақтық және жаһандық экономикалық 
жүйе ге әрі қарай кіріктірудің табысы ЕАЭО-ның құрылуы мен елдің ДСҰ-ға 
кіруіне тікелей байланысты екенін мен айрықша атап өттім. 
Тұжырымдамада барлық алға қойылған міндеттерді кезең-кезеңімен 
жүзеге асыру жоспарланды. Бірінші кезеңде (2030 жылға дейін) халықара-
лық еңбек бөлінісі беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңғыртуды 
батыл жүргізу қажет. Қазақстан он бес-он жеті жылдан соң дамыған ел-
дердің бүкіл ХХ ғасыр бойы қол жеткізген нәтижелерін қайталауға қабілет-
ті. Бұл кезеңде біз дәстүрлі салаларымыздың серпінді өсуін қамтамасыз 
етеміз және өңдеудің қуатты индустриалы секторын жасаймыз. Екінші ке-
зең (2030–2050 жылдары) елдің ғылымға негізделген экономика қағидаты 
бойынша тұрақты дамуын көздейді. 
2014 жылғы Жолдау – Қазақстан белгіленген мерзімде әлемдегі озық 
отыз елдің қатарына енуі үшін қандай жолмен жүруі керек дейтін сауалға 
толық жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет