НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Сот билігінің қалыптасуы және құқықтық реформа



Pdf көрінісі
бет27/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Сот билігінің қалыптасуы және құқықтық реформа
1990-шы жылдардың басында қазақстандық құқық жүйесі терең дағда-
рысты бастан кешіп жатты. Ол экономикалық және саяси өзгерістерге әзір 
емес болатын, жаңа ақиқаттарға сәйкеспейтін және елдің заманауи заң-
дық инфрақұрылымға деген талабын қанағаттандыра алмайтын. Әділет-
ті де адал сотсыз, жетілдірілген құқықтық базасыз тұрақты да өркениетті 
қоғам құру мүмкін емес еді.
1993 жылғы Конституцияның арқасында елдің сот жүйесі биліктің дер-
бес тармағы мәртебесін алды. Алайда, кеңестік кезеңдегідей, соттардың 
өкілеттігі он жылмен шектелетін және бұрынғыша сот тәуелсіздігін қамта-
масыз ететін механизмдер де болмады.
Осы салада ауқымды реформа ойластырған мен «еркін сот ісінсіз 
құқықтық қоғам құру мүмкін емес» деген саяси аксиомаға ден қойдым: 
1994 жылдың ақпанында құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарла-
масы қабылданып, соның арқасында сот органдарының қызметі реттел-
ді, кассациялық өндірісті жүзеге асыратын және өзінен төменгі соттар-
ды бақылауда ұстайтын жоғарғы инстанция есебінде Жоғарғы Соттың 
өкілеттігі нақтыланды.
1995 жылы Конституция биліктің сот тармағын реформалауды одан 
әрі жалғастырды. Жоғарғы сот Жоғары Арбитраждық сотпен біріктіріліп, 
бүкіл сот практикасы бірыңғай заңдық нормаларға бағындырылды. Осы-


51
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
дан бастап өмір бойы қызмет істеуге тағайындалатын соттардың тәуел-
сіздігі олардың ауыспайтынына және қауіпсіздігіне, сотты сыйламауға 
қатысты заңды жауапкершілікке, соттардың өкілеттіктері тоқтатылатын 
немесе тыйылатын нақты белгіленген негіздерге кепілдік беретін болды.
1995 жылдың қазан айында Мемлекеттік тергеу комитеті құрылған соң, 
оның қызметтік міндетіне – бұрын негізгі міндеті заңдар мен кез келген 
құқықтық актілердің бұрмалануын бақылау болып табылатын прокурату-
раға тиісті алдын ала тергеу функциясы жүктелді.
1995 жылдың желтоқсанында жаңа сот жүйесінің негізін қалаған «Қа-
зақстан Республикасындағы соттар мен соттардың мәртебесі туралы» 
Жарлыққа қол қойылды және ұлттық айналымға тұңғыш рет «сот билігі» 
ұғымы енді. Дәл сол жылы тәуелсіз Қазақстанның барлық аумағында Не-
гізгі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Кеңес құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет