364
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Үкімет пен Премьер-министрдің актілерінің күшін жою және тоқтату
құқығы жойылды.
Конституциялық реформаның бүкілхалықтық талқылауы кезінде-ақ
қоғамда Президенттің бірқатар өкілеттіктерінің Парламент пен Үкіметке
берілуі президенттік биліктің әлсіреуіне әкеп соқпай ма деген қауіп болды.
Дағдарыстан шығуды, елдің сенімді түрде дамуын президенттік билікпен
байланыстыратын халық арасында түрлі пікірлер айтыла бастады. Бұл
көңіл күйді біле отырып: «Мазасызданудың еш негізі жоқ, басқарудың пре-
зиденттік формасы сақталады», – деп сендіруді жөн көрдім.
Конституциядағы өзгерістер тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан және
өзін толығымен ақтаған күшті мемлекеттік вертикальды әлсіреткен жоқ.
Билік тармақтары дербестігінің артуы, жауапкершілік пен кесіп-пішілген
теңгерім мемлекеттік вертикальдың «діңін» одан әрі бекіте түсті. Сонымен
қатар, Парламент өкілеттілігінің кеңеюі – саяси партиялардың жаңа мүм-
кіндігін молайта түсті.
2017 жылдың 6 наурызында Парламент Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясының 19-бабының 26 түзетуін қабылдады, ал 10 наурызда «Қа-
зақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» заңға қол қойдым. Жаңа өзгерістердің арқасында саяси
жүйе демократияландырудың биік белестеріне көтеріледі. Сонымен бір-
ге, Қазақстан Республикасының негізгі іргетасы – басқарудың президенттік
формасы болып қала береді. Билік барынша теңгерімді, икемді және тиімді
бола түседі.
Халықаралық құрылымдар, соның ішінде, Еуропа кеңесінің Венеция
комиссиясы Қазақстандағы конституциялық реформаны жоғары баға-
лап, мемлекеттің либералдану үдерісіндегі және елдің саяси дамуындағы
маңызды қадам деп атады.
Осының бәрі 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында саяси жаңғы-
рудың қазақстандық моделінің жүзеге асқанын, сөйтіп менің 2017 жылғы
қаңтардағы Жолдауымда белгіленген экономикалық және технологиялық
жаңғырулардың одан әрі дамуына қажетті шарттар жасалғанын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: