НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет194/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Экономикалық жаңғыру стратегиясы: 
2017 жылғы Жолдау 
2017 жылдың қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан-
дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымда ел экономикасының жаңа 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
367
технологиялық формасына көшуді көздеген 2025 стратегиялық жоспары-
ның көкжиегі анықталды. Тек осылайша, Қазақстанның жан-жақты эко-
номикалық жаңғыруы арқылы ғана жаңа ахуалда «Қазақстан-2050» және 
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары стратегияларының мақсаттарына апара-
тын сенімді көпір салынатын болады. 
Экономиканың әлемдік орташа дамудан асып түсетін өсу қарқынын 
қамтамасыз етуге, жоғары бәсекелестік пен әлемнің озық 30 елінің қатары-
на орнықты жылжуды қамтамасыз етуге тиіс бес басымдық айқындалды. 
Біріншіден, цифрлы индустрианың пайда болуын және дәстүрлі сала-
лардың жаңа технологиямен жарақтануын көздейтін экономиканы тех-
нологиялық тұрғыдан жеделдете жаңғырту. Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» 
бағдарламасын жасау, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер 
мен инвесторларды тарту үшін ЭКСПО-2017 нысандарының базасында 
IT-стартаптар халықаралық технопаркін жасау тапсырылды. Бұдан басқа, 
бір саланың еңбек ресурсы ағынын өзге аймақтарға бағыттауды қамтама-
сыз ету қажет. 
Екіншіден, бизнес-ортаны түбірімен жақсарту және кеңейту. Үкімет-
ке осы саланы барынша реттеудің жүйелік шараларын жасау тапсырыл-
ды. Экономикадағы мемлекеттің үлесін ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейіне 
(15%) жеткізу көзделген. 
Үшіншіден, макроэкономикалық тұрақтылық. Инфляцияны 3-4%-ке 
дейін төмендету және оны осы деңгейде ұстап тұру, қолжетімді несиелен-
діруді қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектордың қарыздарына бақылау 
жасау міндеті қойылды. 
Төртіншіден, білім беру мен денсаулық сақтауды жаңғырту, әлеуметтік 
қамсыздандыруды көтеру арқылы адам капиталын дамыту.
Бесіншіден, институционалдық өзгерістер, ұлттық қауіпсіздік және сы-
байлас жемқорлықпен күрес. Үздік шетелдік тәжірибені белсенді түрде 
енгізу көзделген. Меншік құқығын тиімдірек қорғау мақсатында заңнама-
ларға тексеру жүргізу белгіленді. Эсктремизм мен терроризмнің алдын алу 
жұмыстары қарқынды жүретін болады. Үкімет пен ҰҚК-не «Қазақстанның 
киберқалқаны» жүйесін жасау тапсырылды. Сыбайлас жемқорлықтың се-
бептерін түп-тамырымен жою жұмыстарын күшейту үшін Үкімет бірыңғай 
мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізеді. Сыбайлас жемқорлыққа деген жап-
пай жеккөрініш қоғамдық ықпалдың күшті құралына айналуы тиіс. 
Екі аптадан соң, 15 ақпанда Жолдауды жүзеге асырудың Жалпыұлт-
тық жоспары бекітілді, мұнда барлық іс-қимыл қадамдары нақтыланды. 
Жаңғыру ісіндегі ерекше маңызды міндеттер 2016 жылы қыркүйек айында 
Б. Сағынтаев тізгінін ұстаған Үкіметке тапсырылды. 


368
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2017 жылғы Жолдаудың экономикалық-технологиялық жаңғырудың жаңа 
кезеңіне серпін беруі, сөйтіп, саяси реформамен бірге жаңа жаһандық аху-
алдағы мемлекеттік құрылымның одан әрі даму стратегиясын айқындауы – 
мен үшін аса маңызды. Сонымен бірге, үшінші сала да күн тәртібінен орын 
алды, осы жаңартусыз бұл стратегия толыққанды болмаған болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет