НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет206/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы 
«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру, Кедендік одақтағы бәсе-
келестікті күшейту және алдағы уақытта ДСҰ-ға кіру – осының барлығы ел-
дің агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге шығаруды талап етті. Ауыл ша-
руашылығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыт болып қала берді. 
Ауыл шаруашылығының әлеуетін түсіне отырып, 2013 жылдың ақпан 
айында Үкіметке ұзақ мерзімді «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге 
асыруды тапсырдым. Бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығын мемле-
кеттік қолдауды 2020 жылы 4,5 есе өсіру қарастырылды. Алайда бұрынғы 
бағдарламалармен салыстырғанда, басымдық директивалы қондырғы-
ларға емес, ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті ету жағдайларын жа-
сауға – оны барынша табысты және мүмкіндігінше тәуекелден тыс етуге 
бағытталды.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
387
2014 жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат сатып алу 
үшін қаржы бөліне бастады. Субсидияландыруға жататын өнімдер тізіміне 
импортқа аса тәуелді азық-түлік – қант, құрғақ сүт, сары май, ірімшік енді. 
2004 жылы-ақ шұғыл қабылданған шаралардың арқасында сары май өн-
діру 10 проценттен астам, ал құрғақ сүт төрттен бірге өсті. Тұтастай алғанда 
бір жылдың ішінде тамақ өнеркәсібі 3%-ке ұлғайды. 
Сонымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шыға-
ру да өсе бастады. 2014 жылы сиыр етін экспорттау 6 есе, шұжық өнім-
дері 9 есе, сүт 6 есе ұлғайды. Ет консервілерін, қышқылды сүт өнімдерін 
экспорттау жақсы көрсеткіштерге ие болды. Тек ұнды экспорттау ғана 
төмендеді. Тұтастай алғанда, қабылданған бағдарлама қазақстандық ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің позициясын бекітуге мүмкіндік 
туғызды.
2015 жылы ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік субсидиялар мөлшері 
орасан зор сомаға жетті – миллиард доллардай болды. Бұл ретте, ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салық төлемеді десе де болады. 
2015 жылдың наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде 
бұл мәселеге бағамды беріп, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауда 
қандай да бір қайшылықтарға, қателіктерге жол бермеу керек екенін баса 
айттым. 
Бұдан өзге менің тағы бір тапсырмам – трансұлттық компанияларды 
аграрлы өнеркәсіптің ірі жобаларына тарту. Бір жылдан соң аграрлық сек-
торға Германия, Италия, Қытайдан стратегиялық инвесторлар тарып, Ақ-
мола облысында ірі сүт-тауарлы фермалар мен зауыттардың құрылысын 
салу көзделді. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай 
облыстарында заманауи ет комбинаттарының жобалары жасалды. Бұл 
жобаларға салынатын инвестициялардың жалпы құны 60 миллиард тең-
геден асады. Мұның бәрі мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 
2016 жылы сәуір айында Астана қаласында Ислам ұйымының азық-
түлік қауіпсіздігі бойынша құрылтай сессиясы өтті. Осы ұйымдағы төраға-
лық азық-түліктің өңірлік және әлемдік нарығында Қазақстанның позиция-
ларды ұлғайту стратегиясына толығымен жауап береді.
2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен Қазақстаннан экспортқа 
шығарылатын өнімдер 5%-ке өсті. Астық өнімдері рекордтық көрсеткішке 
жетті, ал астық экспорты ширектен астам көлемге ұлғайды. Аграрлық сек-
тордың өсуі 2017 жылы да жалғасын тапты. 
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Қазақстанның қоғамдық өмірін-
де жер мәселесі ерекше орын алады. Ауылшаруашылық жерлері респуб-
ликада 100 миллион гектардан астам аумақты қамтиды. Сонау 2003 жылы 


388
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ұзаққа созылған қызу пікірталастардан соң ауылшаруашылық жерлерін тек 
қана Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларға жеке-
меншікке беру, сондай-ақ шетелдік азаматтарға жалға беру құқығы қабыл-
данды. Бұл ретте, 2010-шы жылдардың ортасына қарай шетелдіктер жалға 
алған барлық жер көлемі 0,1 проценттен төмен болды. 2015 жылдың бас 
кезінен бастап шетелдік азаматтар жерді жалға алудың мерзімін 10 жыл-
дан 25 жылға дейін созуға мүмкіндік алды. Алайда әкімдіктерден осы нор-
ма бойынша шетелдіктерге жалға жер беру туралы бірде-бір құжат түскен 
жоқ. Солай бола тұра, 2016 жылдың сәуір айында қоғамда мұндай жалға 
беру, сондай-ақ меншікке сату келеңсіз салдарларға ұшыратуы мүмкін де-
ген қауіп пайда болды. 
Азаматтардың алаңдаушылығына түсіністікпен қарап, заңнамадағы өз-
герістерді түсіндіру мақсатында сөз сөйледім. 2016 жылдың 6 мамырында 
«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу ту-
ралы» Жарлыққа қол қойылды, барлық күдік сейілді. Жер заңнамасының 
бойынша мәмілеге қол жеткізу үшін жер реформасы бойынша арнайы ко-
миссия құрылды. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 
және агроөнеркәсіп кешеніне, реформаларды қолдауға бағытталған мем-
лекеттік саясат жалғаса беретін болады. 
2017 жылғы Жолдауда экономикалық өсудің драйвері ретіндегі 
агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа рөлі атап өтілді. Қазақстанды алдыңғы 
қатарлы аграрлы держава дәрежесіне жеткізу және әлемдік азық-түлік 
нарығында лайықты орын алу міндеті қойылды. Алға қойылған міндет-
терге қол жеткізу үшін Агроөнеркәсіптің кешенді дамытудың жаңа мем-
лекеттік бағдарламасы дайындалды. Оның негізгі басымдықтары – ішкі 
нарықты толтыру және отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту, 
ұсақ және орташа шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперация-
ларына тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда-логистика-
лық инфрақұрылымдарды дамыту. 
Отандық ауылшаруашылық өнімдерін қолдауға және агроөнеркәсіптік 
кешенді жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясат одан әрі жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет