386
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
АХҚО аумағында бірнеше мамандандырылған құрылым құрылады,
олар осы аумақта жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін реттейтін болады.
Маңызды институттардың бірі – Қаржы қызметтерін реттеу комитеті бол-
мақ. Халықаралық арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрыла-
ды. Үкімет, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық холдингтер,
ұлттық компаниялар өздерінің сәйкес активтерін ІРО-ға АХҚО алаңы
арқылы шығару туралы арнайы 2020 жылға арналған бағдарлама жасап
шығарды.
Бұдан басқа, қаржы орталығының негізінде жаңа биржа іске қосы-
лады. АХҚО мен Шанхай қаржы биржасы (SSE) арасында акционерлік
келісім жасалды. Осы құжатқа сәйкес ол – стратегиялық әріптес және
АХҚО жаңа биржасының акционері (25% үлеспен) болады. Бұл Қытай-
дың инвестициялық өтімділігіне жол ашады. АХҚО мен SSE арасындағы
ынтымақтастық АХҚО-ын «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастама ая-
сында қаржылық қызметтердің аймақтық хабы ретінде дамытуға бағыт-
талған. Шанхай қор биржасының биржалық индустриадағы бірегей
тәжірибесі мен беделі халықаралық инвесторлардың сенімін қалыпта-
стырып қана қоймай, сондай-ақ АХҚО биржасын табыспен іске қосуға
қосымша кепілдіктер де ұсынады.
Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі – жаңа қаржылық техно-
логиялар.
Болашақта АХҚО бүкіл Еуразия үшін инвестициялар, капитал, иннова-
циялар тартудың қаржылық қақпасына айналады деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: