НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Еуразиялық трансқұрлықтық бағыттар



Pdf көрінісі
бет208/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Еуразиялық трансқұрлықтық бағыттар
2012 жылдың мамыр айында Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын-
да мүлде жаңа көлік жүйесін – Қытай мен Еуропа аралығындағы Қазақстан 
арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» бәсекелік жобасын құруды ұсындым.
Қазақстанның бастамасы үлкен қызығушылық туғызды. 2013 жылдың 
қыркүйегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде сөз 
сөйлеп, тыңдаушыларға Жібек жолының экономикалық белдеуі жобасын 
жайып салды. 
Біздің диалог 2014 жылдың мамыр айына дейін, Шанхайда өткен 
АӨСШК саммитінде жалғасты, мұнда жаңа Жібек жолы Азия мен Еуро-
паны жалғастыра отырып, әлемдегі ең ірі көлік жүйесіне айналады деген 
ойымды баса айттым.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
391
Стратегиялық көрегендік Қазақстанның болашақққа – жаңа, бұрын-соң-
ды болмаған трансконтиненталдық маршруттарға көз тігуіне мүмкіндік 
берді. 
Қазақстанның ең ірі автомобиль жолдары жобасы – «Батыс Еуропа – 
Батыс Қытай» (Ляньюньган – Чженчжоу – Ланьчжоу – Үрімші – Қорғас – Ал-
маты – Қордай – Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орынбор – Қа-
зан – Мәскеу – Санкт-Петербург) халықаралық көлік дәлізі болды. Жалпы 
ұзындығы 8 мың шақырымға созылатын бұл дәліз – ҚХР-дан ЕАЭО ел-
деріне автомобиль тасымалдарын, содан соң Еуропаға жүк жеткізуді жыл-
дамдатады. Бұған Орталық Азия елдері де қол жеткізе алады. 2016 жылдың 
аяғында дәліздің қазақстандық бөлігінде қозғалысқа жол ашылды. 
2014 жылы мамыр айында жас Қазақстан үшін ерекше оқиға болды. 
Си Цзиньпин екеуміз Ляньюньган (ҚХР) Тынық мұхит айлағында қазақстан-
дық логистикалық терминалды салтанатты түрде аштық. Тап осы жерде ба-
тысқа, Қазақстанға қарай жүретін автомобиль және теміржол тораптары 
басталады. Ляньюньгандағы логистикалық терминал Қазақстанның Ты-
нық мұхит өңіріне тікелей шығуына мүмкіндік берді, жол үш есе қысқарды. 
Ляньюнь арқылы Корея мен Жапонияға теңіз қатынасы жолы ашылады. 
2014 жылы желтоқсан айында ҚХР шекарасы жанындағы «Қорғас – 
Шығыс қақпалары» құрғақ айлағын іске қосу жұмысы басталды. 2020 жылға 
жоспарланған жүк өңдеу көлемі – 4,4 миллион тонна. Құрғақ айлақтың ин-
фрақұрылымы толығымен жасалған, темір жол және автомобиль жолда-
рымен байланыса отырып, Еуропа мен Азияға жетудің ең қысқа жолын 
қамтамасыз ететін маңызды логистикалық торапқа айналды. 
Ляньюньган айлағындағы қазақстандық терминал, «Қорғас – Шығыс 
қақпалары» құрғақ айлағы және Ақтау теңіз айлағы – бұлар Қазақстан-
ның табандылығының арқасында пайда болған трансконтиненталды 
жүйенің маңызды тіреуі. Бұл торапты нүктелер Қазақстанға жүк жеткізуді 
де, транзиттік тасымалды да қамтамасыз етеді. Ляньюньган айлағын-
дағы Қазақстанның логистикалық аймағы ғана Қазақстан территориясы 
арқылы өтетін жүк тасымалы нөпірін 7 есеге өсіреді. Кең көлемді ын-
тымақтастықтың нәтижесінде 2011 жылдан бастап, Қытай – Қазақстан – 
Ресей – Беларусь – Еуропа бағытында контейнерлі пойыздар тұрақты 
түрде 12-15 тәулік ішінде қатынай бастады. Егер жүк Қытайдан Еуропаға 
Оңтүстік теңіз жолы арқылы 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолы арқылы 
33-35 күнде жеткізілсе, ал Транссібір торабы небәрі 18-ؘ20 күн ішінде 
жеткізеді.
Қазақстан арқылы ҚХР – ЕО – ҚХР контейнерлік тасымалы 2016–2017 жыл-
дары екі есе өсті. 2020-шы жылдардың аяғына қарай Қазақстан арқылы 


392
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
өтетін транзитті контейнерлік пойыздар саны онжылдықтың басымен са-
лыстырғанда 40 есе өседі деп болжауға болады. Қазақстан арқылы әуе 
көлігімен өтетін транзитті жолаушылар тасқыны 2010-шы жылдармен са-
лыстырғанда 20 есе өсті. 
Қытайдан Иранға Қазақстан арқылы өтетін контейнерлі маршрут іске 
қосылды. Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия 
арқылы Еуропаға баратын транскаспий бағыты бойынша жұмыстар жүр-
гізілді. 2015 жылдың шілдесінде Каспий арқылы асатын алғашқы контей-
нерлі «Nomad Express» пойызы іске қосылды. 
Келешекте – Қытай , Қазақстан, Ресей, Беларусь (Бейжің – Үрімші – Ал-
маты – Астана – Қазан – Мәскеу – Минск) елдерін жалғастыратын, ұзын-
дығы 7,7 мың шақырым болатын халықаралық жоғары жылдамдықтағы 
темір жол құрылысы басталмақ.
2010-шы жылдары жаһандық логистика индексінде Қазақстанның рей-
тингі жоғарылады. 2016 жылы Қазақстан 160 елдің арасында 77 орынға кө-
теріліп, ЕАЭО пен ТМД-нің барлық елдерінен озық тұрды. 
Болашақта, ХХІ ғасырда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы комму-
никациялық ағындар торабында тұрақты орын алатын болады. Демек, осы 
бірегей жағдайды ел мұраты мен халықаралық қауымдастық мүддесі үшін 
барынша тиімді пайдалану қажет. 
Тап осы себепті, 2015 жылғы Астана экономикалық форумында мен 
жоғары жылдамдықтағы мультимодальды көлік маршрутын – Еуразиялық 
трансконтиненталды дәліз құру туралы ұсыныс жасадым. Бұл жобаның 
күретамырлары Қазақстанның автомобиль және темір жол қатынастары 
болмақ. Қазақстанның ауқымды бастамасы ЕАЭО мен Жібек жолы эконо-
микалық белдеуінің келешектегі жоспарларына толығымен сәйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет