НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Нұрлы жол»: көлік инфрақұрылымын дамыту



Pdf көрінісі
бет207/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Нұрлы жол»: көлік инфрақұрылымын дамыту 
Қазақстан өзінің аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің қатары-
на кіреді. Солай бола тұра, халық тығыздығының төмендігінен біздің зор 
кеңістігімізде тұрғындар саны аз. Қалалар мен елді мекендердің арасы 
ұлан-ғайыр. Тарихтың қай кезеңінде де көлік мәселесі өте өткір болды. Бұл 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
389
мәселенің шешімін табу – мемлекеттің алдында тұрған өзекті стратегиялық 
міндеттердің бірі. 
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылға 
қарай бірыңғай көліктік және энергетикалық жүйе құрылатын болады. 
Ең бастысы, Қазақстан экономикасының біртұтас ұлттық нарыққа инте-
грациялануы – бірігу үдерісі өтеді. Бағдарлама инфрақұрылымдық са-
ланы индустриалды дамумен бір мезгілде белсендіру, сөйтіп халықты 
жұмыспен қамтуды жалғастыру және өңірлерге жаңа мүмкіндіктер ашу 
үшін индустриаландырудың екінші бесжылдығымен үйлестірілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 7 мың шақырым автомо-
биль жолын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды, соның ішінде аса 
маңызды: «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Қарағанды – Алматы), «Ор-
талық – Шығыс» (Астана – Павлодар – Өскемен) және «Орталық – Ба-
тыс» (Астана – Ақтау) жол тораптары бар. Астанадан Алматыға дейінгі 
жаңа жол Балқаш көлі арқылы өтетін көпір құрылысының арқасында 200 
шақырымға қысқарады. Астана – Теміртау, Астана – Қостанай – Челябі, 
Астана – Петропавл, Павлодар – Омбы, Бейнеу – Шетпе автожолдарын 
қалпына келтіру аяқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 
тек 2016 жылдың өзінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сон-
дай-ақ 2 мың шақырымнан астам инженерлік желі тартылды. Бұл жолдар 
қазақстандықтардың талай ұрпағына қызмет ететін болады.
Біздің тарихымызда қазіргі кездегідей шетсіз-шексіз даламызды 
қамтыған жолдар салынған жоқ. Бүгінгі күні Шымкенттен Алматыға жыл-
дам келуге болады. Шымкенттен Ақтөбеге, одан әрі Ресейге Астана мен 
Бурабайдың арасындағы жолмен жүргендей, көзді ашып-жұмғанша жетіп 
барамыз. Жаңа автомагистралдар Қытай шекарасынан Алматы, Жам-
был, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе арқылы басталып, ұзақтығы 
2787 шақырымдық жолмен Ресейге тікелей шыға алады. «Нұрлы жол» 
бағдарламасы бойынша Астанадан Қазақстан аймақтарына автожолдар 
жан-жаққа қым-қиғаш тарап болып салынып жатыр. Бұл – ұрпақтан-ұр-
паққа жететін іс. Экономиканы дамыту үшін өзара жылдам іс-әрекет аса 
маңызды. Жүк тез жеткізіліп, адамдар кедергісіз қарым-қатынасқа қол жет-
кізуі тиіс. Бұрын Астана мен Алматының арасына пойыз 26 сағат жүретін 
болса, қазір біз бұл жолды «Тальго» пойыздарымен 11 сағатта-ақ еңсеріп 
тастаймыз. Бұл барлық жерде осылай жүріп жатыр.
2010-шы жылдары біртіндеп Қазақстанның ішкі темір жол желісі кеңей-
тіле бастады. 2014 жылдың тамыз айында жүк пойыздары өтетін Жезқазған 
– Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл темір жол желілері пайдалануға беріл-
ді. 2016 – 2017 жылдары Алматы – Шу екінші темір жол желісі салынып, оның 


390
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тасымалдау әлеуеті екі есеге ұлғайды. Қазақстанның темір жол желілерінің 
құрылымы оңтайлы бола түсті, ұлттық қажеттілік пен еуропалық мол мүм-
кіндіктерді біріктірген салаға айналды. 
Бұл желілердің іске қосылуының тиімділігінен көлік шығындары азайды, 
жету мерзімдері қысқарды. Демек, елдің инфрақұрылымдық әлеуеті 
артты деген сөз. Жаңа темір жол жобалары Қазақстанның ішкі көлік 
логистикасын әжептәуір жақсартты, Солтүстік – Оңтүстік және Шығыс – 
Батыс бағыттарындағы жүк тасымалы тасқынының халықаралық бағдарын 
оңтайландырды.
2013 жылы Қазақстанда Каспийге жүк тасымалдайтын кеме қатынасы 
компаниясы құрылды, ал 2015 жылы Ақтау айлағы ұлғайтылды. Құрық ай-
лағындағы алғашқы паром кешені 2016 жылдың желтоқсанында іске қо-
сылды. Оған тартылған темір жол құрылысы аяқталды, автомобиль жолы 
салынып жатыр. 
Қазақстандағы көлік қатынасының дамуында әуе қатынасы маңызды 
орынға ие. Ұшу-қону жолақтары мен жолаушылар терминалдарын қалпы-
на келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 2015 жылдың тамыз 
айында ішкі желідегі «Qazaq Air» алғашқы жаңа қазақстандық әуе компа-
ниясының рейсі іске қосылды. Негізгі ұлттық тасымалдаушы «Air Аstana» 
алға қарай жаңа қадам басты: 2015 жылы желтоқсанда компания Еуроодақ 
елдеріне кедергісіз ұшу құқығына ие болды. 
2010 жылдары, әсіресе Қазақстанның ұлттық инфрақұрылымдарының 
халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануы аса қарқынды жүрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет