ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
433
Қазақстанда 2010-шы жылдардың орта тұсында 25 мың ғылыми қыз-
меткердің басын біріктірген 400 ғылыми ұйым-мекемелер жұмыс істеп тұр-
ды. Ғалымдардың жаңа буыны PhD доктор бағдарламасы бойынша дай-
ындалды.
Қазақстан ғалымдары үшін Мемлекеттік сыйлықтар, Білім және ғылым
министрлігінің сыйлықтары, сондай-ақ әртүрлі стипендиялар тағайында-
луы да жемісті жұмыстарға ынталандырғаны анық.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен С. Ақ-
шолақов жетекшілік жасайтын Нейрохирургия ғылыми орталығы, А.
Медеу
басқаратын География институтының қызметкерлері және физика-матема-
тика ғылымдарының докторы, академик Т. Қалменов марапатталды.
2015 жылы мен Ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы
Мемлекеттік сыйлықты белгіледім. Оның алғашқы лауреаттары болып
бірнеше ұжым танылды: сұйықтық физикасын зерттегені үшін – Әл-Фа-
раби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Ғылыми-зерттеу институты;
ғарыштық ғылыми әдістерді дамытқаны үшін – Аэроғарыш комитетінің
төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған топ; түсті
металлургиядағы ғылыми
жұмыстары үшін – Әбдірасул Жәрменов жетекшілік жасайтын Минерал-
ды шикізаттарды кешенді өндіру жөніндегі ғылыми орталық;
хирургиядағы
жаңа технология үшін – Нұрлан Батпенов басқаратын Травматологиялық
ғылыми-зерттеу институты.
Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының көмірсутегі әлеуетінің ғылы-
ми негіздері» және «Қазақстандағы қызыл балық өсіру инфрақұрылымын
жасау және оның ғылыми-техникалық негіздерін дайындау» тақырыптары
бойынша ұжымдық жұмыстарға, сондай-ақ нарықтық үдерістердің ірі тео-
ретигі, экономика ғылымдарының докторы, академик Аманжол Қошановқа
Мемлекеттік сыйлық берілді.
2014 жылғы сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық байланыстар
мен телерадио хабарларын тарату ұлттық жүйесінің өмірге келгенін жаһанға
жария жасаған телекоммуникациялық KazSat-3 жер серігі ұшырылды.
2015 жылы 2–12 қыркүйекте үшінші қазақстандық ғарышкер Ай дын Ай-
ымбетов Халықаралық ғарыш стансасына ұшу сапарын сәтті аяқтады. Ға-
рышкердің ұшуы туралы шешімді Ресей президенті екеуміздің 2015 жылы
9 мамырда қабылдауымыздың да символдық мәні болған сияқты. Ұшу са-
парында Арал және Каспий теңіздерінің, сондай-ақ мұнай-кен орындары-
ның экологиясына мониторинг жасалды. 2015 жылғы қазан айында Айдын
Айымбетовке Халық қаһарманы жоғары атағы берілді.
Ғылымның тәжірибелік нәтижелері экономиканың болашақтағы сұра-
ныстарына жауап беріп жатуы, ал ең бастысы – индустриаландырудың
434
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
өзекті мәселелерін шешуге көмектесуі аса маңызды екенін әлденеше рет
атап өткенмін.
2015 жылғы мамыр айындағы Үкімет отырысында мен инновацияны өн-
діріске енгізуге ерекше назар аудару қажет екенін айтып, Ғылыми қызмет-
ті коммерцияландыру туралы заң жобасын дайындауға тапсырма бердім.
2015 жылғы қарашада қабылданған бұл заң – ғылым мен бизнестің ара-
сындағы өзара қарым-қатынас тетігін қалыптастырды.
2015 жылғы Жолдауда заманауи және тиімді ғылыми-өндірістік жүйе-
нің негізіне әрі ұлттық, әрі өңірлік инновациялық кластерлер және техно-
парктер алынуы керектігі атап көрсетілді. Алатаудағы Ақпараттық техно-
логия паркі, Атыраудағы Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі,
Курчатовтағы «Токамак» ядролық технология паркі, Алматыдағы, Астана-
дағы және Приозерскідегі ғарыштық мониторинг технопаркі. Ұлттық техно-
парктер жаңа салаға бағытталады, еркін экономикалық аймақтар режимін-
де жұмыс істейді.
2016 жылы наурыз айында 2016–2019
жылдарға арналған Білім мен
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда көздел-
ген негізгі бағыттар: коммерцияландырылған жобалардың үлесін 20 про-
центке дейін көтеру, ғылымға бөлінетін гранттарды индустриаландырудың
маңызды мәселелеріне қайта бағыттау, инновациялық консорциумдарды
(ҒЗИ, конструкторлық бюролар, зертханалар) жүзеге асыру мен дамыту
барысында патенттер алу.
2017 жылғы 22 ақпанда Ұлттық Ғылым академиясының сессиясына қа-
тысып, Ғалымдар қауымдастығын Академияның 70 жылдығымен құттықта-
дым және ғалымдардың алдында тұрған міндеттерді еске салдым: Ғылым-
ды коммерцияландыру туралы заң толық күшінде жұмыс істеуі керек, ал
ғылыми жұмыстар кәсіпорындардың, әсіресе импорт және экспорттық өн-
діріске қатысты сұраныстарына нақты бағытталуы тиіс.
2017 жылғы менің Жолдауымдағы технологиялық жаңғыру бағдарлама-
сы да дәл осы мақсатты көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: