НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


ЕАЭО: жаңа геоэкономикалық ахуалдың пайда болуы



Pdf көрінісі
бет252/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ЕАЭО: жаңа геоэкономикалық ахуалдың пайда болуы 
XXI ғасыр әлемі – бұл егемен мемлекеттер мен ұлттық экономикадан 
құралған макроөңірлік экономикалық бірлестіктер қоғамдастығы. Сон-
дықтан да «Қазақстан-2050» стратегиясында біздің жуық арадағы мақсаты-
мыз – Еуразиялық экономикалық одақ құру екендігі айқын көрсетілді. Бұл 
ретте біз мәселелер ортақ мәмілеге келу арқылы шешілетінін ашық мәлім-
дейміз. Қазақстан өзінің саяси егемендігіне еш нұқсан келтірмейді. 
Қазақстан Республикасы алдымен Кедендік одақтың, содан соң 2012 
жылдың қаңтар айында іске кіріскен ЕАЭК-тің толық қызмет атқаруына бар 
күшін салды. Ақпан айында Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысын 
бастады (ЕАЭК). Менің айқын көзқарасым мынада: теңқұқылы тараптардың 
«бір ел – бір дауыс» ұстанымы бойынша міндеттілік және барлық деңгей-
дегі ортақ мәмілеге келу.
2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстан, Ресей және Беларусь бас-
шылары үкіметтерге ЕАЭО туралы келісім жобасын дайындауды тапсырды. 
Жобаның әрбір сөзін жеке талқылап, өзара келісу жөнінде ауыр да қауырт 
жұмыс басталды. Мен – қазақстандық делегацияның экономикалық инте-
грацияны саясиландыруға жол бермеу, ЕАЭО ұйымдарындағы тең мүмкін-
діктер, шешімдерді ортақ мәмілеге келіп қабылдау, келісімнен шығу мүмкін-
дігі, конституциялық құқықтардың үстемдік құруы, үшінші елдер алдындағы 
егемендік теңдік және аймақтық тұтастық міндеттемелерінің сақталуы, ұлт-
тық мүдделердің ескерілуі сияқты барынша дәл нұсқауларын айқын көр-
сеттім. Бұлардың барлығын да біздің келіссөз жүргізушілер мүлтіксіз орын-
дады. 
Тарихи салтанатты рәсім Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 2014 жыл-
дың 14 мамырында өтті. Ресей Федерациясының президенті В.В. Путин 
және Беларусь президенті А.Г. Лукашенкомен бірге көптеген жоғары мәр-
тебелі қонақтардың көзінше салтанатты жағдайда Еуразиялық экономика-
лық одақ туралы келісімге қол қойдық.
ЕАЭО туралы келісімге ЕврАзЭО (2000 жылы) келісімі тәрізді Астана қала-
сында – Еуразияның төсінде және әлемнің ең жас астанасында Еуразиялық 
одақ құру туралы 1994 жылы мен ұсынған идеяға тура 20 жыл толған кезде 
қол қойылуы символдық мәнге ие болды. 


470
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Салтанатты рәсім кезінде сөйлеген сөзімде біз өзіміздің экономика-
лық әлеуетімізді халқымыздың игілігінің гүлденуі үшін біріктіретінімізді атап 
өттім. ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ахуалы пайда болды. Қабыл-
данған шешімдердің дұрыстығы мен біздің интеграциямыздың өміршеңді-
гін бүкіл әлемге өзіміз дәлелдеуге тура келеді. 
Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім – 
2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді, бұл оның алғашқы іскерлік қадамы еді. 
Еуразиялық экономикалық одақ әу бастан-ақ өзге мемлекеттердің қо-
сылуы үшін ашық болды. Сонау 2011 жылы Кедендік одақ пен ЕАЭО-ға 
қосылу жөніндегі ойын Қырғызстан, ал 2013 жылы Армения білдірді. Бұл 
елдердің қосылуы бойынша «Жол карталары» жасалды. Нәтижесінде Ар-
мения ЕАЭО-ға – 2014 жылдың қазан айында, Қырғызстан – 2015 жылдың 
тамызында қосылды. 
Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті зор. Ұлттық эко-
номика көлемі 2,2 триллион долларды құрайды, халық саны – 182 мил-
лион адамнан асады. Кедендік шекаралардың болмауы бизнесмендерге 
көлік шығындарын азайтып, жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік берді. 
Өнімнің бәсекелестігі артты. ЕАЭО-ға қатысу – білім беру, кәсіби, әлеумет-
тік, медициналық тең мүмкіндіктерге ие барлық азаматтарға табыс әкеледі. 
Лев Гумилевтің 100 жылдық мерейтойын атап өту – мәдени маңызды 
оқиға ретінде 2012 жылы қараша айында еуразиялық интеграцияға қаты-
сушы елдерде кеңінен аталып өтті. 
Қазақстанның ЕАЭО құрамында бола отырып, өсудің, экономикалық 
еркіндіктің, инвестициялар тарту мен бизнесті қолдаудың кеңістігіне ай-
налуына барлық негіз бар. Ал қисынсыз қорқынышқа бой алдырғандарға 
мен 2011 жылдың қараша айында жауап берген едім: «КСРО-ның «қайта 
жөнделуі» немесе «қайта тууы» келмеске кетті. Бұл бар болғаны – өткеннің 
елесі, жорамал мен жеке бастың мақсаты».
Әрине ЕАЭО-ның бастапқы кезеңінде, жаһандық тұрақсыздық жағда-
йында бәрі де ойдағыдай жүріп кеткен жоқ. Сондықтан да 2015 жылы нау-
рыз айында мен ЕАЭО-ның тарифтік саясаты шиеленісті күйде екенін, ал 
тарифтік емес кедергілер әлемдік тәжірибеге сәйкес еместігін ашып айттым. 
2012 жылдың мамыр айында Астана қаласында Вьетнаммен еркін сауда 
жөніндегі келісімге қол қойылды, ал желтоқсан айында мемлекет басшы-
лары ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыру мүмкіндігін 
қарастырды. Қытаймен ынтымақтастықтың «Жол картасын» жасау жұмысы 
басталды. 
2014-2015 жылдары өзара тату елдердің күш-жігерінің арқасында әлем-
де жаңа экономикалық ахуал – ЕАЭО пайда болды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
471


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет