НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ұлттық кәсіпкерліктің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет32/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ұлттық кәсіпкерліктің пайда болуы
«Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру мен дамыту 
стратегиясының» басым бағыттарының бірі – қолайлы бизнес-ахуал қа-
лыптастыру болды. Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып кәсіп-
керлерге жүйелі түрде қолдау көрсетті. Мен 1992 жылдың 5 мамырында 
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992–
1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдадым. Шілде 
айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қой-
ылды. Ал жыл соңында Қазақстан кәсіпкерлерінің бірінші форумында мен 
бизнесмендермен кездесіп, олармен жаңадан пайда болған ұлттық биз-
нес-қоғамдастық алдында тұрған көкейкесті проблемаларды көзбе-көз
ашық талқыладық.
1991–1992 жылдары елде әртүрлі қызметтермен айналысатын 34 мыңнан 
астам жаңа фирма пайда болды. Жаңа кәсіпкердің образы – бақуатты, үл-
кен үйде тұратын, шетелдік көлік мінетін жеке фирманың қожайыны және 
шетелде демалатын адам түрінде еді. Ол сол замандағы ерекшеліктің бірі 
болды. Белсенді жарнама компаниялары сәнге еніп, соның арқасында 
«Акцепт», «Астана-Моторс», «Райымбек» және тағы басқа делдалдық-сау-
да фирмалары кеңінен танылды.
1990-шы жылдарда «ала дорба» бизнесі кең етек алды. Ондаған мың 
адамдар басын қатерге тігіп, алыс және жақын шетелдерден – Қытайдан, 
Ресейден, Түркиядан, Қырғызстаннан, Пәкістаннан тауар сатып әкеле 
бастады. Адам көп жүретін сауда қатарлары және азық-түлік пен күнделік-
ті тұтынатын тауар сататын қисапсыз сауда дүңгіршектері қала пейзажы-
ның үйреншікті элементіне айналды. Тұрғындардың тұтыну қабілеті жап-
пай төмендеген кезеңде мұндай сауда-саттық тауарға деген сұранымды 
біршама қанағаттандыра алатын, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті одан әрі 
дамытуды ынталандыратын.
Барша жанама әсерлері мен кінәраттарына қарамастан, бұл бизнес қа-
лай десе де жағымды құбылыс еді. Бастамашыл саудагерлер тұтыну на-
рығын толтырып, тауар мен қызмет түрлеріне деген сұранымды қанағат-
тандырды, коммерциялық жұмыс тәжірибесін игерді, өздері мен отбасына 
ақша тапты, сондай-ақ, бір жағынан, жұмыссыздық проблемасын шешті.


63
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет