НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Төртінші билік»: цензурасыз және шектеусіз БАҚ



Pdf көрінісі
бет40/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Төртінші билік»: цензурасыз және шектеусіз БАҚ 
Тәуелсіздікке қол жеткізу мен қоғамның демократиялануы бұқаралық 
ақпарат құралдарының дамуына айтарлықтай әсер етті. Егер 1990 жылы 
елімізде 500-ге жуық БАҚ тіркелсе, 1992 жылы олардың саны екі есе өсті.
Теледидар эфирінде оған дейін күніне небәрі бірнеше сағат хабар тара-
татын «Қазақстан» арнасы орталық мәртебеге ие болды. Енді ол елдің бүкіл 
аумағын қамтып, толыққанды хабарлар тарата бастады. 1995 жылы қысқа 
мерзімде өз аудиториясын жинай алған «Хабар» мемлекеттік телеарна-
сы жұмыс істей бастады. «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» 
беделді күнделікті газеттер ретінде бұрынғысынша қазақстандықтар үшін 
сенімді ақпарат көзі болды. Оларда елдегі өмір туралы журналистік мате-
риалдармен қоса заңдар, жарлықтар, ресми хроника жарияланып тұрады. 
Дәл сол кезде «Караван», «Новое поколение», «Экспресс К», «КТК», «31 ка-
нал», «Таң» сияқты жеке басылымдар мен телеарналар танымалдыққа ие 
болды.
1990-жылдардың бірінші жартысында баламалы ақпарат көздерінің 
пайда болуы, әлбетте, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етті. Жур-


77
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
налистер заң бұзушылықтарға жедел түрде көңіл қоя, әртүрлі себептермен 
қоғам мен мемлекеттің тиісті дәрежеде назарын аудара алмаған мәселе-
лерді қаузады. Дегенмен бұл процесте «ақпараттық соғыс» түріндегі елеулі 
кінәраттар да болды: ірі кәсіпкерлерге тиесілі газеттер мен телеарналар 
өз қожайындарының мүддесін қорғады және ішінде этностық тұрғыда жол 
беруге болмайтындары да бар кез келген тәсілмен бәсекелестеріне қара 
күйе жағатын. 
Көші-қон керуені. Атажұртқа оралу 
1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы көші-қон ағысының күшеюі 
барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ортақ құбылыс болды. 1990 жылдар-
дың бірінші жартысындағы Қазақстаннан жаппай көшудің сан алуан фак-
торлары бар еді. Экономикалық дағдарыс өндірістің қысқаруына әкеліп 
соқты, кәсіпорындар жабылып, жұмысын тоқтатты, адамдар жұмысынан 
айырылды және оларда ертеңгі күнге деген сенім болмады, алаңдаушылық 
көңіл күй қалыптасты. Көптеген адамдар тарихи Отанына оралуға тырыс-
ты. 1990 жылы елден кеткендердің көпшілігі тұратын жері ретінде Ресейді, 
Украина мен Беларусьті таңдады. Қазақстандық немістер Германияға көшті. 
Еліміздің тұрғындар саны айтарлықтай азайып, ауылдар мен моноқалалар 
қаңырап қалды. Осының бәрі Қазақстанның адами және экономикалық 
әлеуетін әлсіретіп, оның болашағына қатер төндірді және биліктен қоғам-
ды біріктіруге, экономикалық жағдайды түзеуге бағытталған шаралар қа-
былдауды талап етті.
Дегенмен көші-қон үдерісі елді тек қана демографиялық шығынға 
ұшыратып қойған жоқ, сондай-ақ оның алдынан жаңа мүмкіндіктер де 
ашты. 1995 жылдың наурызындағы ҚХА-ның бірінші сессиясында менің 
«тұрақтылықтың қуатты белдігі» ретінде кезінде тарихи отанынан ажырап 
қалған қандастарымыздың мәдениетін, Қазақстанмен ақпараттық және 
адами байланыстарын үзбеуін ескертуім тегін емес еді. Біздің еліміз 
туралы шынайы ақпараттардың кеңінен таратылуы таяу және алыс шет-
елдердегі біздің достарымыздың санын көбейте түспек. 
Сөйтсек, мемлекет «халықтық дипломатияны» сыртқы саясатқа, басқа 
елдермен арадағы қарым-қатынасты дамытуға бағыттай отырып, көші-
қон үдерістерінен де пайдалы нәтиже таба алады екен.
Ол кездегі қазақстандық көші-қонның әртүрлі бағытта болғанын 
түсінудің маңызы зор. Елден көптеген тұрғындар үдере көшіп жатқанда 
шетелдерде тұратын қазақтар, керісінше, тарихи отанына орала бастады. 


78
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілдері елдегі эконо-
микалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қа-
зақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушы-
лар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді. 
Тек қана стихиялы емес, сондай-ақ тәртіппен жүргізілген бұл үдеріс ел 
үшін ауыр соққан көші-қон зардаптарының орнын толтыра алатыны белгілі 
болды. Басқаша айтқанда, қысқа мерзім ішінде тиімді көші-қон саясатын 
жүргізу керек еді. Бұл міндеттің өзектілігін кезінде Қазақстаннан амалсыз 
көшіп кетуге мәжбүр болған қандастарымыздың тарихи отанына оралуына 
жағдай жасау туралы айтылған Стратегия-92 айқын дәлелдеп берді.
1992 жылдың 26 маусымында қабылданған «Иммиграция туралы» заң 
тарихи отанына оралғандарға репатриант мәртебесін беретін. Билік өз 
шешімі арқылы олардың орналасуына тиісті аймақтарды бөліп, материал-
дық-қаржылық көмек жасады. 1991–1994 жылдар аралығында Қазақстанға 
122 мың қазақ, оның ішінде бұрынғы одақтас республикалардан – 57 мың, 
Моңғолиядан – 21 мың , Ираннан – 3,7 мың, Түркиядан 1,9 мың адам қоныс 
аударды.
Қазақтардың атамекеніне бет алған тарихи көшін біз бейнелі түрде 
«Нұрлы көш» деп атадық. Қазақстан мемлекеттік репатриация саясатын 
жалғасты түрде жүргізген әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет