59
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Кәсіпорындар мен ұйымдарды жекешелендіру одан әлдеқайда күрделі
жағдайда өтті. Оның басты субъектілері еңбек ұжымдары болады деген бол-
жамдар айтылған. Мемлекеттік органдар жекешелендіру туралы шешімді
солардың өтінішінен кейін ғана қабылдайтын. Оның аукционда сатылатын
немесе дүние-мүлік қызметкерлерге қайтарымсыз берілетін формасын да
еңбек ұжымы таңдады. Дегенмен көп ұзамай жекешелендірілген көптеген
кәсіпорындардағы жағдайдың нашарлағаны белгілі болды. Еңбек ұжымда-
ры өздерін тиімді шаруашылық жүргізуші етіп көрсете алмады. Мәселен,
сауда объектілерінің 40 проценті жекешелендірілгенмен, олардың үлесіне
тауар айналымының небәрі 4,5 проценті ғана тиесілі болды.
1993 жылдың наурыз айының басында орталық және жергілікті атқарушы
органдар жетекшілерімен өткен мәжілісте мен тегін келген дүние-мүлікке де-
ген көзқарастың да
сондай болатынын, ондай әрекеттің қожайынды тәр-
биелей алмайтынын,
керісінше, масылдық пен жауапсыздықтың байырғы
дәстүрін тереңдете түсетінін айттым. Мен жекешелендірудегі еңбек ұжымы-
ның басым құқығы социалистік психологияны нарықтық қатынастар арқылы
қалыптастыруға икемдеудің сәтсіз амалы екеніне өте сенімді едім.
Сол мәжілісте сөз болған «Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіз-
дендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» соңынан 1993 жыл-
дың 5 наурызында қабылданды. Ол 1995 жылы аяқталған жекешелендіру-
дің екінші кезеңін бастап берді. Жаңа, ауқымды және күрделі міндеттер
тұтыну тауарлары нарқын жасаумен, кәсіпкерлікті дамытуға екпін берумен,
өндіріс тиімділігін арттырумен түсіндірілетін. Жекешелендіру – шағын жеке-
шелендіру (қызметкерлер саны 200 адамға дейін), жаппай жекешелендіру
(адам саны 200-ден 5 мыңға дейін), жеке жобалар бойынша жекешелен-
діру (адам саны 5 мыңнан асқанда), агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру
деген төрт бағытта жүргізілді.
Қысқа мерзімде жүзеге асырылған кіші жекешелендіру жеке қолға негізі-
нен жылжымайтын мүлік түріндегі 6 мыңнан астам объектіні берді. Бұдан соң
бірден
тұрмыстық қызмет, сауда мен қоғамдық тамақтандыру салаларында
ұмтылыс байқалды. Мыңдаған жаңа дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар,
шаштараздар ашылды. Дүкен сөрелері мен базарларға тауар толды.
Кіші жекешелендірудің әлеуметтік тиімділігінің маңызы экономикалық
маңыздан кем болмайтын. Ол нарықтық қатынастардың негізін құрайтын
жекеменшік кәсіпкерлердің пайда болуына ықпал етті.
Құнды қағаздар
нарығын қалыптастыра отырып, Қазақстан Чехияның
тәжірибесін пайдалануға тырысты: әр азаматқа инвестициялық қорларға
салуға болатын жекешелендіру купондарының белгілі бір мөлшері тиісті
болды,
оны алушылар, өз кезегінде, оған мемлекеттік кәсіпорындар ак-
60
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
циясын сатып ала алатын. Дегенмен чех үлгісі Қазақстанда жүзеге аспады
және қор нарығын осылай қалыптастырамыз деген үміт ақталмады.
Жекешелендірілген көптеген кәсіпорын ескі құрал-жабдықтармен жаб-
дықталған болатын және нарықтық жағдайда олар бәсекеге қабілетсіз
болып шықты. Отандық жас бизнесте дағдарыстан алып шығатын тиісті
тәжірибе мен білім де жоқ еді. Қор биржасында ашық сауда акциясын ұй-
ымдастыру әрекеті нәтиже берген жоқ, қанағаттанғысыз жағдайына байла-
нысты көптеген кәсіпорындар акциясы құлдырады.
Купондық үлгі іс жүзінде өндіруші және өңдеуші индустрия алыптары-
ның
қызметін ынталандырып, табиғат байлығын игеруді жеделдете алмай-
тын. Жекешелендірудің басты мақсаты – кәсіпорынның тиімділігін көтеру
тек өндіріске ірі инвестициялар тарту арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ол
үшін жедел түрде қомақты инвестициялық ресурстарға ие дәулетті шетел-
дік инвесторларды тауып, қызықтыру керек болатын.
Жекешелендірудің екінші кезеңі бұдан кейінгі – мемлекеттік меншіктегі
объектілерді ақшаға сату сияқты нарықтық қадамдарға негіз дайындады.
Кәсіпорындарды акционерлендіру және корпоративті
басқаруды енгізу
жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізілді. Қаржылық-өнеркәсіптік топ-
тар мен холдингтер құрылды.
Жекешелендіру жаңа экономикалық қарым-қатынастарға негіз салды
және одан арғы реформалардың тірегі және қозғаушы күші есебіндегі орта
тапты қалыптастырды, сондай-ақ инвестициялық әлеуеті жеткілікті ірі кор-
порациялардың пайда болуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: