67
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
мы бар, макроэкономикалық процестерді түсінбейтін Президиум Үкімет-
пен келіспей әрекет етті. Мәселен, нақты бір жағдайларда Ұлттық банк
төрағасын несие беруге міндеттеді», – деп еске алған.
1993 жылдың 13–14 сәуірінде Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республика-
сының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер мен
банк қызметі туралы» жаңа заңдар қабылдады. Дегенмен, олар да Ұлт-
тық банктің тәуелсіздігіне кепілдік бере алмайтын. Іс жүзінде елдің банк
жүйесін жүйелеуші үш деңгейге – Президентке, Үкіметке және Жоғарғы
Кеңеске бағынатын еді.
Дей тұрғанмен, бұл кезде ақша массасы бұрынғысынша өсіп жатты. Сол
кездегі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Г. Марченко еске алғандай,
«Инфляция 2 мың процент кезінде несиелер 55–60 процентке жылдық үсте-
мемен берілді. Мұндай несие алған іскер адам бірден «долларға көшіп»,
ал жарты жылдан соң долларының бір бөлігін қайтадан теңгеге ауыстыра
алатын. Осындай айламен алынған пайда несиені қайтарып, Ұлттық банк-
ке пайыздық үстеме төлеуге және оған қоса мол ақша табуға мүмкіндік
беретін. Осынау дені дұрыс емес жүйе инфляцияны туындатты: экономи-
каға бұрынғыдан да мол ақша бөлінсе де, өндіріс қысқарды». Алайда,
тіпті
дәл осындай салымшыларға барынша ыңғайлы жағдайда да, 1995 жылдың
басындағы деректер бойынша, берілген несиелердің тек 22 проценті ғана
қайтарылды.
1994 жылы Қазақстан қаржысының жағдайын бағалаған ресейлік «Не-
зависимая газета» мынандай болжам жасаған: «Қазіргі экономикалық
саясат сақталған жағдайда... Қазақстанды таяудағы болашақта гипер-
инфляция, нақтырақ айтқанда – ұлттық валютаның күйреуі және жалпы
қаржылық-экономикалық апат күтіп тұр. Мұндай оқиғаның алдағы жыл-
дың наурызына дейін жүзеге асуы мүмкін». Көптеген шетелдік сарапшы-
лар да осындай пікірде болды.
Мұндай апатты болжамдар жүзеге аспас үшін
қатаң саяси ерік-жігер
керек болатын. Мен Меморандумымда қаржы жүйесін тұрақтандыруды
маңызды міндет деп мәлімдеп, Ұлттық банктің мәртебесіне ерекше назар
аудардым. Мен Ұлттық банктің барша бағыныштылықтан босатылуын және
өкілетті, сондай-ақ атқарушы органдардың қамқорлығынан азат етілуін та-
лап еттім. Елдің бас банкі ұлттық валюта – теңгені тұрақтандыру мәселе-
леріне назар аударуға тиісті болатын.
Дегенмен Ұлттық банк мәселесін шешудің сәті тек 1995 жылы ғана түсті.
1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы» Жарлық Ұлттық банкті тек Президентке ғана бағынышты етті және
сол арқылы оны әр тараптан жасалатын саяси қысымдардан қорғады.
68
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
Тәуелсіздік алған Ұлттық банк сол жылдың өзінде инфляция қарқынын
төмендетіп, оны 56 процентке дейін азайтқан қатаң монетарлы саясат
жүргізе алды.
Жаңа банктермен қоса, кеңестік дәуірде құрылған бұрынғы банктердің
көпшілігі нарықтың қатаң талаптарына төзе алмай, өз қызметін тоқтатты.
Сол кезде атағы жер жарып тұрған ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржы-
ландыратын «Крамдс-банк» банкротқа ұшырады. Банк жүйесін
осындай
кінәраттардан қорғау және қаржы нарығында халықаралық ережелерге
сәйкес жұмыс істей алуға әзір емес жаңа ойыншылардың пайда болуының
алдын алу үшін, Ұлттық банк 1995 жылы іс жүзінде банк қызметіне лицен-
зия беруді тоқтатты.
Салық жүйесінің реформасы да тек заңнамалық
функциялар Прези-
дентке көшкен 1995 жылы ғана мүмкін болды. «Бюджет жүйесі туралы» және
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңдар 1991 жылдың
өзінде қабылданған болатын. Алайда, тұтастай алғанда, фискальды саясат
қарама-қайшылыққа толы болды және іскерлік
белсенділіктің дамуына ке-
дергі келтірді. Сол кезде қырық шақты болған салық жүктемелері дербес
жағдайда өзгеріске ұшырады.
1995 жылдың 24 сәуірінде «Салықтар және басқа да бюджетке түсетін
міндетті төлемдер туралы» Жарлық күшіне енді. Салықтар саны 11-ге дейін
қысқарып, олардың орнына кірістің корпоративті салығы енді. Оның ор-
таша мөлшері кезең-кезеңмен төмендетілді. Салыққа байланысты көзқа-
растың өзі де өзгерді – енді мемлекет одан тек қана мемлекеттік бюджетті
толтыруды ғана емес, сондай-ақ инвестицияларды ынталандырудың, соған
сәйкес өндірісті дамытудың тетігін көрді.
Достарыңызбен бөлісу: