НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет77/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Діни сенім: имандылықты күшейту 
1990-шы жылдардың екінші жартысында дін мен рухани өмірдің бел-
сенді түрде жаңғыруы жалғаса түсті. 1995–1998 жылдар аралығында Қа-
зақстандағы діни бірлестіктердің саны екі есе дерлік – 1180-нен 2100-ге 
дейін өсті. 
Қазақстанда, негізінен, мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының 
оңтайлы арқауы табылды, бұл мемлекет пен діни конфессиялардың жал-
пыұлттық келісімді нығайту жолында бірлесіп жемісті жұмыс істеуіне мүм-
кіндік берді.
Діни өмірді дамыту руханият пен мәдениеттің өсуіне, қоғамдағы иман-
дылықтың нығаюына, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және басқа да әлеу-
меттік сырқаттар мен кемшіліктердің азаюына ықпал етті. Әйтсе де сол ке-
зеңдегі заңның олқы тұстарын пайдаланып, кейбір деструктивті секталар 
да өз ісін жалғастырумен болды. Дегенмен рухани өмірді жаңғыртудың 
ықпалы басым түсті.
Елдің барлық аймақтарында жаңа мешіттер мен храмдар (шіркеулер) 
қайта жандандырыла бастады. 1999 жылдың шілдесінде Алматыда әдемі 
көгілдір күмбезі бар Орталық мешіт ашылды. Дәл сол жылы қазан айында 
Павлодардағы Благовещенский шіркеуі де жұмыс істей бастады. 
Қазақстандағы барлық діндердің өзара тату болып, ел бірлігіне көмек-
тесуі өте маңызды. Сонымен бірге, мынаған көзім анық жетті: діни идеялар-
дың атын жамылып әрекет ететін экстремизмнің кез келген түріне мықты 
тосқауыл қою керек. 
1998 жылдың қыркүйегінде мен ресми сапармен Ватиканға бардым. Бұл 
Рим Папасы II Иоанн Павелмен менің үшінші кездесуім болатын. Осы кез-
десулерде арада өзара сенім орнады. Сол кездерде өткізуді ойыма алған 
Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің табысты өтуіне де сол кездесу ай-
тарлықтай ықпал етті.


154
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
6. ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫМЫЗДЫ 
ШЫҢДАДЫ
БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет