160
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
Жалпы алғанда, 1990-шы жылдардың соңында қазақстандық ғылым аса
қанағаттанғысыз жағдайда болып қала берді. 1998 жылға қарай ғылыми
мекемелердің штаттары үш есе дерлік, республикалық бюджеттің ғылыми
талдамаларға жұмсалған шығындары алты еседен астам қысқарды. Осыған
байланысты қазақстандық ғалымдар патенттейтін өнертабыстар, сондай-ақ
олардың, әсіресе шетелдік басылымдардағы
ғылыми жарияланымдары-
ның саны күрт азайды.
Ғылыми ұйымдардың саны 350-ге дейін өскеніне, сонымен бірге, бес
Ұлттық ғылыми орталықтың құрылғанына қарамастан, ғылым саласындағы
жағдай сол кезеңде айтарлықтай өзгерген жоқ.
Дәл осы кезеңде ғылыми жүйені сол уақыттың экономикалық талапта-
рына сәйкес жаңғырту жүргізілді. Ғылымды жүйелі дамыту мен оны тиісті
нормативтік, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық тұрғыда қамта-
масыз ету үшін база құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: