Бұқаралық ақпарат және байланыс құралдары
1990-шы жылдардың екінші жартысында бұқаралық ақпарат құралда-
рының нарығы тұрақталды. Жаңа басылымдар ашылды, ал кейбіреулері
бәсекелестікке төтеп бере алмай, өз жұмысын тоқтатты, алайда олардың
жалпы саны өзгеріссіз қалды деуге болады (1996 жылы 670 газет пен жур-
нал шығарылатын, ал олардың саны 1999 жылы 668 болды).
1996–1997 жылдары Үкімет мемлекеттік БАҚ, полиграфиялық кәсіпорын-
дар мен баспаханаларды жекешелендірді. Сол кезде ақпарат нарығында
жаңа бағыт – жарнама пайда болды. 1997 жылдан бастап ақпараттық сала
мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеуге тартыла бастады, бұл бұқара-
лық ақпарат құралдары нарығына оң әсерін тигізді. Мемлекет жүйелі түрде
бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе әрекет етіп, БАҚ әр алуандығын,
сондай-ақ елдің әлемдік және аймақтық ақпарат кеңістігіне енуіне мүмкін-
дік беретін дәйекті ақпараттық саясат жүргізе бастады. Технологиялық ин-
дустрияны дамыту, өнімі мемлекеттік саясат пен шынайы қоғамдық үдеріс-
термен үндес келетін басылымдар мен телеарналарды құру және қолдау
маңызды міндет етіп қойылды.
Қазақстандық телевизиялық хабар таратушылардың арасында ең жоға-
ры рейтингтер «Хабар», КТК, «31 арна», НТК телекомпанияларында болды.
Телевизия мазмұны жаңарды, көрерменнің ықыласына таласқан арналар
жаңа, өзекті форматтарды меңгерді. 1998 жылы «Қиылыс» атты 400 бөлімді
отандық алғашқы телероман көрерменнің көзайымына айналды, ТМД ел-
дерінің медиа-форумы оны сол кездің өзінде посткеңестік кеңістіктің үздік
телехикаясы деп таныды.
Оқырмандардың сұранысына ең көп ие болған газеттер – «Караван»,
«Новое поколение», «Время», «Начнем с понедельника», «Экспресс-К»,
«Panorama», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Заман-Қазақстан», «Деловая неде-
ля», «Столичное обозрение». Олардың таралымы артты, бұған көбінесе газет
беттерінен салмақты ақпараттық және сараптамалық материалдарды ығысты-
рып тастайтын арзан сенсация мен дау-шар есебінен қол жеткізілді.
Ақпараттық дамудың жаңа кеңістіктерін 1995 жылы қабылданған Спут-
никтік телевизияның мемлекеттік бағдарламасы айқындап берді.
1996 жылдан бастап Қазақстанда (Intelsat жүйесі спутниктерінің негізін-
де) спутниктік телевизияның ұлттық жүйесі құрыла бастады. Шеткері аудан-
дарда жер серігінің сигналдарын қабылдайтын жерүсті стансалары орна-
тыла бастады. Қалаларда кабельді телевизия жүйесі кең қолданысқа енді.
Телекөрермендер ондаған отандық және шетелдік телеарналарды көруге
мүмкіндік алды.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
151
Қазақстанның ақпараттық саясаты ТМД елдерінің ақпараттық кеңістігі
аясындағы өзара әрекеттесуді реттеуге көмектесті.
Мен 1997 жылы «Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы»
Жарлыққа қол қойдым. Оның мақсаты – Қазақстанның кез келген азаматы-
ның ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету болатын.
Талантты журналистерді ынталандырып, шығармашылық ізденіске дем
беру үшін 1997 жылы БАҚ саласында Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің сыйақылары мен гранттары тағайындалды.
Дәл сол жылы 28 маусымда ел тұңғыш рет Байланыс және ақпарат қыз-
меткерлері күнін атап өтті. Аталмыш кәсіби мерекеге бұл датаның таңда-
луы кездейсоқтық емес-тін. 1991 жылы тура осы күні «Баспасөз және өзге
де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданған болатын.
Халықаралық ұйымдар, БАҚ және ҮЕҰ қатысуымен дайындалып, 1999
жылдың 23 шілдесінде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары тура-
лы» жаңа заң журналистердің құқықтарын қорғап, цензураға, бұқаралық
ақпарат құралдарының жұмысына мемлекеттің араласуына тыйым салып
қана қоймай, олардың жариялаған деректерінің дұрыстығына жауапкер-
шілігін бекітті. Осы заңның тәртіптерінен қазақстандық бұқаралық ақпарат
құралдарының сан алуандығына ғана емес, ұлттық ақпараттық кеңістігімізді
нығайтуға да мүдделі мемлекеттің ақпараттық стратегиясы көрініс тапты.
1990-жылдардың ортасы Интернет атанып кеткен бүкіләлемдік компью-
тер желісінің тез дамыған уақыты болды.
Онжылдықтың екінші жартысында Қазақстанда жастар арасында
өте көп қолданылған алғашқы интернет-кафелер ашыла бастады. Дү-
ниежүзілік желіде домендік .KZ (Казнет) аймағы пайда болды. Жүзде-
ген сайттар ашылды. Газеттер мен телеарналар өз интернет нұсқала-
рын құра бастады. Ірі компаниялар, білім беру мекемелері, мемлекеттік
органдар дүниежүзілік желіде өз парақшаларын ашты. 1998 жылы Қа-
зақстан Республикасы Президентінің ресми сайты – Prezident.kz жұмыс
істей бастады. 1999 жылы Қазақстанда шамамен 12 мың Интернет желісі
абоненттері тіркелді.
Пейджерлердің пайда болуы қазақстандықтардың әлеуметтік мобиль-
ділігін біршама арттырды, әйтсе де пейджер байланысының ғұмыры тым
ұзаққа созылған жоқ, оның орнына ұялы телефон жүйесі келді. 1994 жылы
бұл нарықтың алғашқы қарлығашы «Алтел» операторы болды, бірақ оның
қызметтері бастапқы кезде тек жағдайы бар адамдарға ғана қолжетімді еді.
Алайда 1998–1999 жылдары «Kcell» және «КаР-Тел» компаниялары бүкіл
елге GSM стандартындағы ұялы байланыс стандартын таратты және осы
кезден бастап ұялы телефон жедел түрде пейджерді қолданыстан ығысты-
152
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ра бастады. 1999 жылы Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны
шамамен 80 мың болды.
«Қазақстан-2030» стратегиясында заманауи коммуникация түрлерін тара-
ту мен олардың Қазақстанның дамуындағы маңызы деген мәселеге ерекше
көңіл бөлінді: «Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат
алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады».
Мемлекеттің коммуникацияларды дамыту инновацияларын қолдауы-
ның арқасында, қазақстандықтардың кәсіби, қоғамдық және күнделікті
өмірі осы кезеңде жаңа серпінге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |