ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
147
жаңғыртуға деген құлшынысына құрметпен қарағанда ғана мүмкін болмақ.
Басқаша айтар болсақ, азаматтық қоғам әлеуетті қазақ мәдениетінің айна-
ласына топтасады, этностар дамуға тең дәрежеде мүмкіндік алады.
Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі елдің төл тарихына арқа
сүйеп, этностық және азаматтық сәйкестіктің маңыздылығын түсінуге не-
гізделеді. Сол себепті 1996 жылы сәуір айында
ҚХА-ның III сессиясында
әрбір қазақстандыққа саналы түрде өз азаматтығын шешу жайлы мәселе
көтерілді. Мен «азамат дегеніміз – шыққан тегіне қарамастан, өз тағдыры
мен ел тағдырын ортақ деп қарайтын адам» екенін барлық азаматтардың
есіне салдым. Әрине, мұндай сәйкестікке жету үшін біраз уақыт керек, бірақ
бұған келмей болмайды. Ал Ассамблея жаңа азаматтықтың көпірі болып
табылады.
Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқы-
ның бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады. Бұрынғы бірінші мамыр
дәстүрі жаңа қазақстандық мазмұнға ие болды.
Келісім саясатының маңызын ерекшелеу мақсатында 1997 жыл жал-
пыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
болып жария ланды. Сол жылы Қазақстан бірінші рет 31
мамырда саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті.
Мен Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында ішкі саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қоғамды біріктірудің негізгі бағыттарын
анық айқындап бердім, олар: 1) еліміздегі барша азаматтардың тең мүмкін-
дігіне негізделген біртұтас азаматтықты дамытуға кепілдік жасау; 2) ұлтара-
лық алауыздық себептерін жою; барлық этностық топтардың тең құқылығын
қамтамасыз ету; 3) ұзақмерзімдік болашақта саяси тұрақтылықты, сонымен
қатар қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстанның қалыпта-
суына жігерлі түрде атсалысу; 4) әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара
сыйластықты, төзімділік пен сенімді күшейту.
Жалпыұлттық келісімге қол жеткізуге бағытталған салиқалы ішкі саясат
өзінің оң нәтижесін берді. Егер 1993 жылы еліміздің әрбір төртінші тұрғыны
ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуіне алаңдайтын болса, 1997 жылы
мұндай азаматтардың саны 6 проценттен аспаған. Қазақстандықтар билік
өкілдерінің іс-қимылы Конституция мәлім еткен бағытқа сәйкес екендігі-
не, сол себепті қауіп-қатерге еш негіз жоқтығына көз жеткізді. 1996 жылы
желтоқсанда ЕҚЫҰ мен оның аз ұлттар жөніндегі комиссары Ван дер Стул:
«Қазақстан ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестіруге байланысты жүйе-
лі саясат жүргізіп отыр», – деп бекер айтпаса керек.
Президент сайлауынан кейін, 1999 жылы
қаңтар айында өткен ҚХА-
ның V сессиясында мен: «Ұлттық келісімді халыққа ешкім де көктен
148
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
бере салмайды, ол
термен, еңбекпен келетін дүние, сол себепті «мен –
қазақстандықпын!» деген сөзді әрқайсымыз мақтанышпен айту үшін біраз
тер төгуіміз керек», – дедім.
Сонымен бірге, полиэтностық мемлекеттің қазақстандық үлгісінің ерек-
шеліктерін де атап өттім. Оның біріншісі – өзге этностарды бірге дамыта
отырып, қазақтың мәдени діңін мақсатты түрде дамыту. Екіншісі – теңдес-
тірілген тілдік саясат. Үшіншісі – зайырлы мемлекет қағидаттарын ұстану.
Төртіншісі – Қазақстан халқы Ассамблеясын қолдау.
Қазақстандық үлгі «Әралуандықтан – бірлікке» ұйыстыру қағидатына
негізделген. Мәдени әралуандықты сақтап, оны көбейтуге мемлекеттің
этнос тық тілдер мен мәдениеттерді қолдауға бағытталған бұлжымас саяса-
ты көмектесіп отыр. Қазақстанның ұлттық саясаты халықаралық стандарт-
тарға толығымен сай келеді.
Біздің еліміз адам құқы бойынша 160-тан
астам негізгі халықаралық
құқықтық құжаттарға қосылған. Олардың ішінде Копенгаген құжаты (біз
оған 1992 жылы қосылдық), білім беру саласындағы азшылық ұлттардың
құқы турасындағы Гаага ұсыныстары (1996), азшылық ұлттардың тілдік құқы
турасындағы Осло ұсыныстары (1998), азшылық топтардың қоғамдық-
сая си өмірге тиімді араласуы турасындағы Лунд ұсыныстары (1999) және
т.б. Осылайша Қазақстан әуел бастан қай ұлттан шыққанына қарамастан,
барша азаматтардың мүдделерін, құқы мен міндеттерін өзара үйлесімде
ұстауға негізделген бағыт ұстанды. Ал оның ұстыны – алғашқы күннен ел-
дегі ұлт аралық сенімнің бірегей үлгісін қалыптастырған қазақ халқының
төзімділігі болды.
Алматыдағы Достық үйінің Ассамблеяға берілуі де есте қаларлық оқиға.
ҚХА этноұлттық саясатты жүзеге асыруда іс жүзінде Президенттің бір-
ден-бір жақын көмекшісі
қызметін атқаратындықтан, біле-білген адамға
бұл да бір маңызды ишара болды.
Мен ҚХА делегаттарын президенттігімнің алдағы жеті жылында қа-
зақстандық ұлттық саясаттың негізгі өзегі сол күйінде қалатынына сендірдім.
Жауапкершілік салмағы зор бұл мәлімдемеге барлығы қолдау білдірді.
Осылайша, осы бір кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғамды
біріктіру мен ұлтаралық келісімге келтіру, ұлтаралық қарым-қатынастардың
қазақстандық үлгісін және осымен бір мезетте мемлекеттік ұлттық саясат
пен жалпы саясатты жүзеге асыру сияқты маңызды міндет жүктелді.