67
ауыс мағыналарына сүйеніп оның белгілі этимонға сəйкестігін анықтау-
ға болмайды. Əрқашанда біз салыстырылатын толғаулардың мағына-
сына (семантикасына) сүйенуіміз керек. Семантикасы сəйкес
келетін
сөздер ғана этимологиясы ашылған болып саналады. Этимологиясы
сəйкес емес этимондардың келіп шығуы
тұлғасының ұқсастығына
байланысты емес. Ол тұлғалары өзгеру арқылы бір-біріне ұқсап кетуі
мүмкін. Мысалы, «
Байтал түгіл бас қайғы» дегендегі
байтал тұлғасы
жағынан мүлдем басқа сөзге ұқсап тұрса да (
байтал – «жас бие»),
мағынасы жағынан онымен мүлде бір емес. Кейінгісі моңғол тілдерінде
өзгеріп қолданылған
байдал сөзі.
Демек, басқа принциптерге сүйене отырып, негізгі фонетикалық
принциптің қорытынды кезеңі деп есептеуге болады.
Біркелкі туыс
омонимдерде жиі кездесетін бұл құбылысқа алдын ала ұқыптылықпен
қараған жөн. Тұлғасы ұқсас болып, мағынасы сəйкеспей жататын сөздер
туыстас
тілдерде, араб, иран тілдерінен ауысқан ауыс-түйістерде көп
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: