Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет29/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116
2. Морфологиялық принцип. Тілдегі сөздердің барлығы түбір 
сөздермен туынды негіздерден тұрады. Егер біз түбір сөздерді бір буын-
ды классикалық алты типтен тұратын бір буынды «моносиллабикалық 
түбір сөздерден тұрады» деп есептейтін болсақ, (ол шынында да солай 
) (V, VC, CVC, CVCC, VCC, CV ), онда осы мəселенің өзі бір заңдылық. 
Екі буынды түбір сөздер (мысалы, бала, балта, алма, сабын, соқа, қамыс 
т.б.) дербес сөз тілімізде болды ма, жоқ əлде бұлардың жəне бұлар 
сияқты бір буынды түбірдің баршасы о бастан-ақ бір буынды түбірден 
морфологиялық жолмен туындап, қалыптасып қалған сөздер ме? Ол 
жағы белгісіз.
Сондықтан біздің этимологиялық талдауымыздағы сөздердің ба-
сым көпшілігі о бастағы байырғы төл сөздерден тараған деп жобалаймыз.
Екі буынды сөздерден тараған этимондар төл сөздің арасында жоқ. 
Этимондардың бұл түрін анықтауда сөзжасам, сөз түрлендіру жұрнақ-
жалғауларының қалыптасқан тəртібі, сингармонизм заңы жəрдем береді.
3. Семантикалық принцип. Этимологиялық ізденістің, жоба-
лаудың тұяқ тірер жері семантика. Біз алдымен этимонның діттеген 
мағынасында қолдануын айқындап алуымыз керек. Сөздің қосымша


67
ауыс мағыналарына сүйеніп оның белгілі этимонға сəйкестігін анықтау-
ға болмайды. Əрқашанда біз салыстырылатын толғаулардың мағына-
сына (семантикасына) сүйенуіміз керек. Семантикасы сəйкес келетін 
сөздер ғана этимологиясы ашылған болып саналады. Этимологиясы 
сəйкес емес этимондардың келіп шығуы тұлғасының ұқсастығына 
байланысты емес. Ол тұлғалары өзгеру арқылы бір-біріне ұқсап кетуі 
мүмкін. Мысалы, «Байтал түгіл бас қайғы» дегендегі байтал тұлғасы 
жағынан мүлдем басқа сөзге ұқсап тұрса да (байтал – «жас бие»), 
мағынасы жағынан онымен мүлде бір емес. Кейінгісі моңғол тілдерінде 
өзгеріп қолданылған байдал сөзі.
Демек, басқа принциптерге сүйене отырып, негізгі фонетикалық 
принциптің қорытынды кезеңі деп есептеуге болады. Біркелкі туыс 
омонимдерде жиі кездесетін бұл құбылысқа алдын ала ұқыптылықпен 
қараған жөн. Тұлғасы ұқсас болып, мағынасы сəйкеспей жататын сөздер 
туыстас тілдерде, араб, иран тілдерінен ауысқан ауыс-түйістерде көп 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет