Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет40/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   116
айыр-, ауыр-, есір-, жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, қашыр-, бітір-, кешір 
деген екі бу ынды императив етістіктердің құрамынан осы грамматика-
лық форманттың өзін бөліп алып қарасақ, ас-, қаш-, біт-, кеш- деген дер-
бес түбірлермен бір қатарда *ай-, *ау-, *ес-, *жас-, *кід-, *құт- түбір-
лерінің де сөз тудыруға қатысып отырғанын көреміз. Айырмашылығы –
бірінші топтағы түбірлер жеке-дара қолданылады да. екінші топтағылар 
ондай дербестігінен айрылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз 
элементтер. Бұдан шығатын бірінші қорытынды: бір модель бойынша 
жасалатын императив етістіктердің құрамында дербес түбірлермен қа-
тар «өлі түбірлер» де өмір сүреді екен. Бұл факт өз ретінде өлі тү-
бірлердің де бір кезде дербес сөз болғандыгынан дерек береді. Өйткені 
тіл диалектикасына сүйенсек, тілде оның кəдесіне жарамайтын бірде-бір 
түбір, тұлға пайда болмаса керек. Ал егер ондай мағынасыз да мəнсіз 
дыбыс тіркестері кездейсоқ дүниеге келе қалған жағдайда, олардың тіл-
де өмір сүруіне орын жоқ. Бұл –тіл біткеннің бəріне тəн қатаң заң.
«Өлі түбірлер» санатына жататын лексемалардың бір заманда дер-
бес болғандығын қалай дəлелдеуге болады? Ол үшін біз сол түбірлермен 
тектес, тұлғалас жəне мағыналас элементтерді ең алдымен өз тіліміз-
ден, одан табылмаған жерде көне жазба ескерткіштер тілінен немесе 
туыстас түркі тілдері мен оның диалектілерінен іздестіруіміз керек. 
Тарихи-салыстырма əдістің тамаша нəтиже беретін кезеңі де осы орайда.
Мəселен, екі буынды императив етістік жасайтын модельдердің бірі 
√-а-/-е-. Ол бойынша жан>жана-, жұт>жұта-, ас>аса-, ат>ата- 
тəрізді түбірлік морфемалары(жан«бок, сторо на» мағынасында; жұт
«бедствие»; ас– «пища, еда»;am– «имя, название») жеке-дара қолда-
нылатын етістіктер де, сондай-ақ түбірі дербестігіне айрылған *ай>айа-, 
*без>безе-, *бөк>бөгде-, *бұл>бұла-, *бөл>бөле-, *біт>біте-, *ел>еле-, 
*жас>жаса-, *жүт>жүде, *күр>күре-, *құл>құла-, сып>сыба-, *үл>
үле- тəрізді қырыққа жуық туынды түбірлер жасалады екен.
Осы келтірілген мысалдардан бөге- («алдын бекіту, тосқауыл қою» 
мағынасында) етістігін талдап көрейік. Бұл сөздің түбірі бөк- Махмұд 
Қашқари заманында жеке-дара айтылып жүрген сөз. Мəселен, бөк-,


89
«запруживать», «перекрывать»:olsuvuyb?rdi- «он запрудил воду» (MK,
II, 19). Дəл осы сияқты √-ай-/-ей: моделі бойынша жасалған етістіктер-
ден (мыс.:*қоқ>қоқай-, *сор>сорай-, *тыр>тырай-, *шош>шошай-, 
қоң>қоңай-, *сақ>>сақай-, қат>қатай- т.б.), мəселен, *сақ<сақай- 
түбірін алып қарайық. Пайымдап қарасақ, бұл түбір қазақ тілінің өзінде 
қолданылатын сау- дербес сөздің фонетикалық варианты. Қыпшақ 
тілдеріне тəн [у] мен оғыз қарлуқ тілдеріне тəн [ғк] сөз аяғында 
келетін дыбыстардың сəйкестігі негізінде пайда болған сағ//сақ// сау 
варианттарының біреуі (сау>сауық-, сауығу, саушылық, т.б.) Қазақ тілі 
үшін дербес те, екіншісі (*сақ>сақай-) өлі түбірге айналып, дербестігін 
жоғалтып отыр.
Қазақ тілінде итер-, алда- тəрізді етістіктер –түбір мен тұлға 
болып жіктелмейтін біртұтас сөздер. Бұлардың, біріншісі: √-ар-/-ер- 
(*без>безер-, боз>бозар-, *қот>қотар-, *қыз>қызар-,жас>жасар-, *ұз>
ұзар- т. б.), екіншісі өте продуктивті √-та-/-те-/-да -/-де-/-ла -/-ле- моделі 
арқылы жасалған туынды түбір екені даусыз. Ал*ит-пен*ал– қазақ тілі 
үшін «өлі түбірлер» болғанымен, *ит- түбірі хакас тілінде іт- «толкать», 
«пихать», «проталкивать» түрінде, якут тілінде үт-[?t] «толкать, пи-
хать, совать» түрінде бүгінгі таңда дербес қолданылатын түбірлер.
Сол хакас тілінде іт- түбірінен пайда болған іттір-(заставить 
толкнуть, оттолкнуть) сөзі екінші дəрежелі туынды етістік болып сана-
лады.*Ит- түбірінің бір заманғы дербес сөз екендігіне көзіміз жеткеннен 
кейін, біз қазақ тілінің өзіндегі итін-, итіңде-, итпе (бұйда жібіне іліп 
алып, асау түйені алға қарай жүргізіп үйрету үшін салған ұшы екі аша 
сырықша) деген сөздерді түбірлес сөздер деп тануға құқылымыз. Бір 
қызығы: ит- түбірі XI ғасырдағы Махмұд Қашғари «Диванында» жеке-
дара қолданылып (olanї itti «он его толкал») (МК, I, 171), оданитін-, итіл- 
тəрізді етіс формалары жасалып тұрса (ДТС, 215), одан əлдеқайда көне 
Тұрфан өлкесінен табылған манихей мазмұнды ұйғыр ескерткіштері 
тілінде it- негізінде пайда болған it?r– формасы қолданылған: jema mujaγq 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет