Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет72/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116
КҮДЕР//КҮДЕР ҮЗУ фольклорлық шығармалардағы ақындар 
туындыларындағы күдер сөзінің мағынасы - “төзімді‚ мықты‚ берік”‚ 
“өбден иі қонып жұмсарған тері”. Ал Н.И.Ильминский сөзіндегі күде-
рі – “иленген түйе терісінен жасалған портупея”‚ К.К.Юдахин сөздігінде 
күдеру – “замша‚ кожа очень мягкой выделки” деп көрсетілген. 
Тіліміздегі күдері бау‚ күдері қайыс‚ күдері жылқы т.б. тіркестерде 
осы мағыналардың “жаңғырығы” бар. Осы сөздің бейнелі‚ теңеу мəнде 
жиі жұмсалуы бірте-бірте “үміт үзу”‚ “түңілу” деген ауыспалы ұғым-
ды білдіретін күдер үз тіркесін туғызған >
ӨРЕСІ БИІК Өре сөзінің мағынасы - “құрт‚ ірімшік кептіру үшін 
ағаштан жасалған биік сөре”‚ оның түбірі - өр сөзі. Өр сөзінің: 1) “биік”‚ 
“көтеріңкі жер” жөне 2) “көтерілу”‚ “тарау”‚ “көріну” мағыналары 
бар. Өр сөзі көне түркі жазба ескерткіштерінде ұшырасады. Бұлт 
өріп‚ көк өртүлдү - “Бүлт жайылып‚ аспанды торлап алды” [МК I‚ 139 
б.]. Осы мағына бұл тіркесті (өресі биік) өркенің өссін оралымымен 
жақындастырады. Тіліміздегі “өсімдік сабағындағы бүршіктер түбесі-
нен пайда болған желі” деген мəндегі өркен сөзі өзге де көптеген түркі 
тілдерінде ұшырасады. Мысалы‚ осы тұлғалы сөз бірде “киіз үйдің 
негізгі‚ ағашы қойылатын биік жер” [РадСл. I‚ 28 б.]‚ бірде “тақ” [ДТС‚ 
388 б.]‚ ал енді бірде “сөулетті сарай‚ билеушінің ордасы” мəнінде 
жұмсалатынын көреміз. Сонымен сөз түбіріне үңілу өр‚ өрбі‚ өре‚ өрле‚ 
өрмеле‚ өркен‚ өркеш‚ өрелі‚ өрен‚ өріс т.б. сөздерге негіз болған ортақ 
мағына “жоғары”‚ “биік”‚ “кең”‚ “көтерілу”‚ “таралу” т.с.с. екенін‚ одан 
мағынасы кеңіген‚ метафоралық мəні қоюланған өркенің өссін‚ өресі 
жету‚ өрелі сөз‚ өркен жаю‚ жас өрен‚ т.б. тіркестердің туындағанын 
көрсетеді 
ӨРІМДЕЙ ЖАС< моңғол тілінде урум - “ұрық”‚ “тұқым”‚ “нəресте” 
мəніндегі сөз. (Тіліміздегі үрім-бұтақ қос сөзінің алдыңғы сыңарын 
осы сөзбен салыстыруға болады). Əрине‚ өрім сөзінің моңғол тіліндегі 
қолданысына қарап, оны моңғолдық деп айтуымызға негіз жоқ. Өйткені‚ 


144
тіліміздегі ұрпақ‚ ұрық‚ үрім (үрім-бұтақ)‚ өрен‚ өркен‚ өрші‚ өрбі т.б. 
сөздерді төркіндес‚ түбірлес десек‚ ортақ түбірі өр екенін көреміз Ал бұл 
сөздің түбір күйіндегі жеке қолданысын Л.Будагов сөздігінен табамыз: 
өр (түрік тілі диалектісінде) - “көбею”‚ “бала туу”. Өрімдей жасқа 
тікелей қатысты бұл өр түбірі өресі биік тіркесіне де негіз болып тұр. 
Өйткені одан (өр түбірінен) туындаған сөздердің бірі жоғарыға қарай 
(вертикаль бағытта) «биіктеу» (өр‚ өрле‚ өркеш т.б.)‚ ал екіншісі көлбеу 
бағытта (горизонталь) «таралу»‚ «жайылу»‚ «көбею» (өркен‚ өріс‚ т.б.) 
мағынасын беріп тұр >


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет