147
болуы керек. Араб жазуындағы бір таңба əрі
ж‚ əрі
ч дыбысын білдір-
ген. Арабша жазылған нұсқа қазіргі алфавитке көшіргенде қате оқылып‚
қате жазылған болуы керек. Сонда: “бақыттының он ұлы‚ шерлі адам-
ның (бақытсыздың) жалғызы” деген қарама-қарсы образды білдіретін
сөздер болып шығады” [29, 98 б.].
ҰША Біреудің төсін жесең‚ өзіңнің ұшаңды сайла. Көне түркі-
лердің салты бойынша
ұша тек қадірлі қонақтарға (ханға‚ ақсүйектер-
ге) тартылатын сыйлы тағам болған. Сібірдегі түркілердің молаларынан
археологтардың үнемі малдың жамбас сүйегін тауып отыруы оның
қасиетті саналғанын айқындайды. М.Қашқари сөздігінде,
уча - “малдың
бөксесі‚ арқа” [МК І, 144 б]. Алтайлықтар құдаларына қойдың
қуырылған құйрығын салтанатпен тартады да‚ бұл дөстүрді өздері уча
деп атайды[РадСл. І, 1722 б.]. Маңғыстау қазақтарының тілінде
ұша -
қойдың сүбемен‚ құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы [30, 70 б.] >
Достарыңызбен бөлісу: