163
(Т.Əлімқұлов, Кертолғау). «О баста бұл сөз зат есім болғанға ұқсайды.
Мағынасы – «
зор, нəрсе, үлкен зат >асыл адам» дегенге келеді. Кейін
келе заттық мағынасы күңгірттеніп,
«үлкен, зор», одан кейінгі
«əйгілі,
атақты» деген атрибуттық мəнге ие
болып, сын есім қызметінде
жұмсалып кеткені байқалады», – дейді Р.Сыздық [40, 138].
Маңғыстау
аймақтарында дүр сөзі «ғұлама, дін оқуын меңгерген
адам», Шымкент, Түркістан қазақтарында «үлкен, зор, мықты» мағы-
наларында қолданылатын болса, Жамбыл, Семей аймақтарында «шебер,
маман»,
Өзбекстан, Ташкент аймақтарында «сері, паң» мағынасында
жұмсалады. Бұл сөз адамға байланасты ғана айтылады.
Бұлардың
барлығында да бұл сөздің о бастағы «үлкен, зор, əйгілі, атақты» деген
ұғымдары бар екенін көрсетеді. Абай бұл сөзді түбір күйінде емес,
туынды тұлғада қолданған.
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей
дегендегі
дүр сөзінің зат есімдік мəнінен сын есім жасап, мағынасы «зор
нəрседей (адамдай)», «мықты адамдай» дегенді білдіреді. Бұл сөз əсіре-
се ақындарға байланысты айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: