Кеңес (совещание), лақаб, насихат; өнер, мехкеме (правле-
ние), хүкім деген сөздер де осындай мағынасы өзгеріп қолда-
нылған жаңа ұғым атауларына айналған. Заманындағы жаңа
247
ұғымдарды атау үшін мағынасы үстемеленген топқа ғарыз
(прощение), ғарыз етучі (проситель), төре (чиновник, кеңсе
қызметкері), бұйрықнама, ғылым (образование, учение), бас-
махана (редакция) сияқты қазақтың кейбір өз сөздері мен
халық тіліне бұрынырақ енген араб-парсы сөздері де жатады.
Алғашқы баспасөз беттерінде жұрнақ жалғау арқылы жаңа
сөз, жаңа термин жасау – біздің байқауымызша, аса актив амал
емес. Зерттеушілер -лық жұрнағы арқылы жасалған кедейлік,
бадшалық, қараңғылық сияқты 5-10 дерексіз ұғым атаула-
рын, -чылық (-шылық) жұрнағы арқылы жасалған зәручілік,
қысымчылық, татушылық тәрізді тағы да 5-6 сөзді ғана
көрсетеді. Бұл күнде жеке сөз ретінде танылатын егіншілік,
бақшашылық сияқты терминдер алғашқы газет беттерінде
аналитикалық жолмен егін шаруасы, бақша салу сияқты
тіркестер арқылы берілген.
Жалпы бұл кезеңдегі публицистика тілі мен жартылай
ғылыми стильге тән белгілердің бірі – аналитикалық тәсілді жиі
пайдалану деуге болады. Бұл амал білім-ғылымға, техникаға
қатысты, әзірге қазақ оқырмандарына бейтаныс ұғым атаула-
рын түсіндіруде пайдаланылады. Мысалы, медицина инсти-
тутын дәрігер болуға үйрететұғын үлкен медресе деп береді.
Тіпті терминнің өзін қолданған күнде де оны қазақша түсін-
діріп отыруды қажет деп табады. Сондықтан публицистика-
лық материалдардан телеграф, яғни сым темір; мужской
гимназия, яғни еркек балалар оқитұғын медресе дегендерді
кездестіруге болады.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінде қалыптаса бастаған
публицистикалық стильдің, әсіресе алғашқы баспасөз тілінің
сол тұстағы өзге стильдерінен ажыратылатын бір белгісі –
мұнда орыс сөздерінің актив қолданылуы болды. Сол кездегі
көркем әдебиет стиліне қарағанда, публицистика стилі қазақ
жазба әдеби тілінің сөздігін орыс тілінен қабылданған кірме
сөздермен толықтыруда үлкен рөл атқарды және оның бұл
бағыты жылдан- жылға ұлғая түсті. Мысалы, «Дала уалаяты
газетінің» 1890 жылғы 17 августағы нөмірінде қазақтың төл
сөздері – 70,4%, араб-парсы сөздері – 19,7%, орыс сөздері 5,6%
болса, 1896 жылғы 21 январьдағы санында қазақ сөздері –
248
73,5%, араб-парсы сөздері – 15,4%, орыс сөздері 9,1%, болғанын
көреміз
176
. Газет беттерінде қолданылған орыс сөздерінің
бірқатары көркем әдебиет пен кеңсе стильдерінде де, жарты-
лай үлгілерде де кездеседі, дегенмен көпшілігі тек баспасөзде,
оның да публицистикалық материалдарының мәтіндерінде
қолданылып, кейіннен қазақ әдеби тілінде қалыптасып кеткен-
дер болып табылады.
Орыс тілінен алынып қолданылған сөздерді екі топқа бөліп
талдауға болады. Бірі – ел басқару-әкімшілік, заң-сот істері
немесе сауда-саттық, тұрмыс-салт, оқу-ағарту салаларына жа-
татын және халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын,
қазақтың сөйлеу тіліне еніп қалыптаса бастаған сөздер. Олар:
болыс, ойаз, сиез, началнік, облус, жандарал, содия, сот, же-
ребе, каталешке; газет, үшкөл, қарындаш, үстел, бөшке, са-
мауыр, кәмпит, шыт, сәтен, жәрмеңке, бекет, көпес, пошта,
шен т.т. Екінші – халықтың күнделікті сөйлеу тәжірибесінде
қолданылмайтын, бірақ өздері атап тұрған заттардың,
ұғымдардың қазақ тіршілігінде жоқ болғандығынан, орысша
түрінде алынған сөздер. Олар көбінесе өндіріс, білім-ғылым,
империялық заң-сот істері, империялық әкімшілік құрылысы
салаларына қатысты сөздер болып келеді. XIX ғасырдың
II жартысындағы қазақ публицистикасы, әсіресе мерзімді
баспасөз органдары оларды актив қолданды. Мысалы, газет
беттерінен күбернатыр, соуетник, консул, дознание, кансела-
Достарыңызбен бөлісу: |