риа, акраном, иніспектір, адуакет, статийа, землемер, ким-
назийа, униберситет, студент, семинарийа, парта, награт,
школ, зауыт, мәшине, белосипет т.т. сияқты сөздерді көруге
болады.
Бұл – ұлттық жазба тілімізге орыс сөздерінің және орыс тілі
арқылы интернационалдық қордың молынан ене бастауының
басы болды. Мұның себебін, ең алдымен, XIX ғасырдың
II жартысында қазақ жері, қазақ елі түгелімен Ресей империя-
сына бағынып, соның әкімшілік қамытын мойнына мықтап ки-
ген тұсы болуынан іздеу керек. Тек әкімшілік емес, Ресей эко-
номикасымен іліктес болу да қазақ қауымына көптеген жаңа
ұғымдарды алып келді. Ол ұғымдар өз атауларын қажет етті,
176
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. - Алматы, 1971. - 87-б.
249
олардың барлығының бірдей қазақша баламасын табу мүмкін
болмады. Сондықтан «орыс дүниесі» өз сөздерін өзімен бірге
алып келе бастады. Екіншіден, алғашқы газеттердің екеуі де
– орыс тілінде шығатын газеттердің қосалқысы (приложение)
болды: «Түркістан уалаятының газеті» «Туркестанские ведо-
мости» деген газеттің, «Дала уалаятының газеті» «Акмолин-
ские областные ведомости» газетінің «жалғамасы» ретінде
жарық көрді. Кейіннен бұлар таза аударма газеттер болмай,
дербестік сипат алғанмен, онда жарияланатын жарлық-
бұйрықтар, «үкімет сөздері», қысқасы, ресми хабарлар орыс
тілінен аударылып беріліп отырғандықтан, бұл материалдар
орыс тіліндегі мәтіндермен байланысты болды. Оларда қандай
атаулар болса, соларды не қазақша, не орысша білдіруге
мәжбүрлік көбінесе орыс сөздеріне мойын бұрғызды. Бұған сол
тұста тіл мәселесімен шұғылданатын белгілі бір орындардың
(айталық, қазіргі «Терминкомдар» сияқты немесе тіл зерттеу
институтының) жоқтығы да себепкер болды.
Орыс тілінен сөз алып қолданудағы және бір көзге түсетін
ерекшелік – орысша анықтауышымен келген блок-атауларды
сол орысша күйінде алу және көбінесе орыс тіліндегі родқа
қарай қиысу заңдылығын сақтамай келтіру. Мысалы: тайный
(араб әрпімен жазылуы тайни) сауетник, катарыжнай рабо-
та, земски сома, колежски асессор. Бұл ерекшелік Абай пу-
блицистикасында да ішінара кездеседі. Алғашқы қазақ публи-
цистика стилінің лексикалық сипатын танытатын белгі – тек
орыс сөздері емес, араб және парсы тілдерінен алып қолданыл-
ған бөгде және кірме сөздердің де молырақ қолданылуы.
Жоғарғы пайыздық көрсеткіштерге қарағанда, «Дала уалаяты
газетінің» алғашқы жылдарында олар сан жағынан көбірек бо-
лып, кейінгі жылдарда сәл азая түскені көрінеді. Оның есесіне
орыс сөздерінің қолданылуы жиілеген.
Араб-парсы сөздерін қолдануда қазақ публицисгикасы
жалпы түркі жазба тілдерінің дәстүрін бұл тұста әрі қарай
жалғастырған деп айту керек, яғни оқу-ағартуға, мәдениетке,
жалпы рухани дүниеге қатысты ұғым, зат атауларын араб және
парсы сөздерімен беру – мұнда да басты бағыт. Бұларды да
халық тіліне ертеде енген, қазақша қалыптасқан сөздер то-
250
бына және жазба тілде ғана қолданылған араб-парсы сөздері
деген топқа бөліп талдау керек. Зерттеуші Б.Әбілқасымов
екінші топтағы сөздер деп мархамат, мазкүр, мінақиб, табиғ,
урых, шүһаба, муафик, таһақиқ, шафағат, ыждаһат, рәсім,
жамағат, фікір, ғибрат, хүкім, низам, наһу, фарман, на-
сихат, ғұлама деген сөздерді көрсетеді
177
. Мұндағы кейбір
сөздер – біздіңше, халық тіліне енгендердің түпнұсқаша таңба-
ланғандары. Мысалы, шапағат, ыждағат, жамағат, пікір,
әкім, шүбә, пармен, насиқат, ғұлама, ғалым дегендерді біз ХV-
ХVІІІ ғасыр ақын-жырауларынан да табамыз.
Бұл тұста сөз болып отырған кезеңдегі қазақ публицистика-
сы тілінің бір ерекшелігі ретінде орфография (емле) мәселесін
көрсету керек. Түркі жазба тілдері қашанда да емле саласында
консервативтік сипат алып келген, яғни жазудың өте ертеден
келе жатқан дәстүрін қатаң сақтау арқылы бір-бірінен бөліне
бастаған түркі халықтарының көпшілігіне ортақтық сипат
(қасиет, белгі, құрал) беру талабы күшті сезіледі. Сондықтан
кейбір зерттеушілер атап жүргендей, «шағатайша жазылған
дүниені әр халық жазылғанынша емес, өзінше оқитын болған»
(Ғ.Мұсабаев). Бұл дәстүрдің бір ұшы араб-парсы сөздерін
түпнұсқа тілдегіше жазу қағидасына барып тіреледі, яғни араб
жазуымен қағаз бетіне түскен түркі тіліндегі дүниеде (мыса-
лы, тіпті жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарында да)
араб пен парсы сөздері арабша, парсыша тұлғасында жазылуы
шарт болған. Сондықтан тұңғыш қазақ газеттері де қазақ тіліне
ертеде еніп, пікір, тарап, пайым, рақым, ықылас, пәрмен,
өнер, мешіт, есеп түрінде қалыптасып кеткен сөздерді фикир,
тараф, фаһим, рахым, ихлас, фарман, һөнер, мешжид, хисаб
деп (әрине, араб әріптерімен) жазудан бас тарта алмаған.
Біздің байқауымызша, көптеген араб-парсы сөздерінің қазақ
тілінде бүгінге дейін екі-үш вариантта жазылып келуі – осы
екі стихияның ізі (мысалы, ыждағат ~ еждихат ~ іждіқат,
сынат ~ сипат, ғашық ~ ашық ~ асық, әкім ~ хакім).
Абайдың қаламынан туған публицистикалық шығармалар
баспасөз беттеріндегі үлгілерден біраз ерекшеленіп келеді:
мұнда көпшілік оқушыға бейтаныс араб-парсы, орыс сөздері
жоққа тән, олардың аналитикалық жолмен түсіндіріліп бер-
177
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. - Алматы, 1971. - 77-б.
251
ілген варианттары да кездеспейді. Сірә, бұл жерде жазушы
өзі айтқандай, «жалпақ жұртқа» қазақтың өз тілінде, түсінікті
түрде айтпақ ойын білдіруге ден қойған тәрізді. Осы себеп-
тен Абайдың публицистикасында дерексіз ұғым атауларының
үлкен тобы -лық, -шылық жұрнақтарымен жасалған сөздер
болып келеді. Ал дерексіз есімдердің молынан қолданылуын
«Қара сөздердің» тақырыптары мен мазмұны қажет еткені
көрінеді.
Абай публицистикасында бір кезек адамның, замандас-
тарының қасиет-мінездерін сөз етсе, енді бір кезек болмыс пен
рух, адам жан дүниесі мен Алла тағала тәрізді абстракциялар-
ды тақырып етеді. Бұл тақырыптар қазақша бұрын өрбімеген
«метафизикалық тілді» жасатады. Сөздік осы стиль үдесінен
шығады. Абай публицистикасы арқылы қазақ әдеби тіліне
күлкішілдік, ықтиярсыздық, беріктік, суықтық, қызықпақтық,
тоқтаулылық, байлаулылық, намыстылық, қорғалауықтық,
жеңсікқойлық тәрізді ондаған дерексіз ұғым атаулары
қосылады. Әңгіме бұл жерде – Абайдың өзі жасаған туынды
дерексіз есімдердің санында ғана емес, ұсынған үлгісінде,
яғни дерексіз ұғым атауларын тек өзге тілден (айталық, араб,
парсы тілдерінен немесе орыс тілінен) ала бермей, қазақ төл
сөздерінен де жасауға болатын жолын көрсетеді. Бұл орайда
-лық, -шылық, жұрнақтарынан басқа -мақ, -у жұрнақтарын
да іске қосады: ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек,
құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айлалы болмақ,
алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Абай
прозасындағы жалығу, ұмыту, өлшеу сияқты туынды сөздер –
жай қимыл есімдері ғана емес, абстракт ұғым термиңдері.
Абайдың публицистикалық шығармаларында тақырыбына
қарай араб, парсы тілдеріне жататын діни де, діни емес жеке
сөздер мен тіркестер де еркін қолданылған. Мұнда халық
тіліне бұрыннан еніп, кірме сөз дәрежесіне ие болғандарымен
қатар, қарапайым оқушыға бейтаныс, көбі бір-екі реттен артық
кездеспейтін араб, парсы сөздері бар. Әсіресе ислам дініне
қатысты ой-пікірін айтқанда, Абай араб тілінде қалыптасқан
терминдер мен жеке сөздерді, кейде тіпті сөз тіркестерін (блок-
тарын) пайдаланады. Мысалы, саны (бір нәрсені істеуші, жа-
252
саушы), салахиат (жарамдылық), самы`(тыңдаушы), табы`
(ізбасар), тақриб (жуықтау, жақындау), ғурур (тәкаппарлық)
т.б. осылар сияқты ондаған сөздерді атауға болады.
Парсыша, арабша тұлғаланған (жұрнақтарын жалғаған)
кәсіби, жибли, шаһари, әдзәли, әдәби, инсаниат, мумканат,
ләмәкән сияқты сын есімдерді қолдану да – ХIX ғасырдың II
жартысындағы қазақ публицистика тіліне, оның ішінде Абай
прозасына жат емес. Тіпті һәм, уа, лекин сияқты арабша, пар-
сыша шылауларды жиі қолдану – сөз етіп отырған стильдің бір
белгісі деуге болады.
Дегенмен, жалпы алғанда, Абай публицистикасы тілінің
лексикалық негізі қазақ тіліңдік, бөгде тілдік сөздердің дені
стильдік мақсатпен белгілі бір шығармаларында (13, 38-
сөздерінде) қолданылған деп түюге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |