Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет110/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

2. Грамматика саласында. Қазақ тілі морфологиясына тән 
емес, көне-жаңа «түркілік» тұлғалар мен тәсілдерді қолдану:
а) есімдіктердің септелу парадигмасы шағатайша: аның (оның), 
аны (оны), менім, бенім (менің), менге (маған), сенге (саған),
екісі (екеуі), башыдан аяққаче (бастан-аяқ); ә) етістік тұлға- 
ларында: өткен шақ есімшенің -ған жұрнақты формасының 
орнына оғұздық -мыш аффиксті варианты келеді: бармыш 
(барған), көрінміш (көрінген); бұйрық рай: -ғыл/-қыл (барғыл, 
айтқыл), -ың/-ің (барың, алың) жұрнақтарымен де көрінеді
ауыспалы осы шақ -ғай/-гей жұрнағымен беріледі (көргейлер 
көреді); етістіктің жіктелу парадигмасында қазақша емес 
тұлғалар кездеседі: III жақ көпше түрде -лар қосымшасын 
жалғап айту жүйелі түрде қолданылады (йатурлар, еділер), 
-дүр форманты жиі кездеседі, ол екі түрлі қызмет атқарады: 
бірі – қазақша -ды қосымшасының орнында тұрады (бара- 
дүр, айтадүр), екіншісі – есім баяндауышқа жалғанатын пре- 
дикаттық формант рөлінде келеді (қазақша еді, -ды -ді -лердің 
эквиваленті: барадүр (бар еді, бар-ды), түшкен-дүр (түскен 
еді, түскен-ді); б) мен, менен жалғау-шылауы формантының 
орнына бірлән/бірлә/білә/илә/илән тұлғалары жиі қолданылады; 
керексе, йоғса тұлғалары да орын алады.
Бұл көрсетілгендей морфологиялық тұлғалар әлдеқайда 
қазақша жырланған қиссалардан да табылады. Мысалы,
«Ғашықнамеде» (Алматы, 1976) жарияланған қазақша «Боз- 
жігіт» қиссасында: «Керексе мың-мың әспет жолдас болар» 
(30-б.), «Аялдап сөзімізге құлақ салың» (35), «Аман болың, 
қош болың» (70), «Хан қызымен екісі ақылдасып» (53), «Сонда 
жендет кісенді байладылар» (57), «Бетін ашып көрділер қызды 
дейді». Бұларды тіпті қазіргі «реставраторлар» сылып тастай 
алмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет