246
ескіріп, заман ағымына сай келмей отырғандығы, егін егу,
саудаға араласу сияқты қарекеттердің қоғам дамуы үшін пай-
далы екендігі т.т. төңірегінде болды. Және бұл материалдар-
ды оқырман қауымға түсінікті, жатық тілмен ұсыну көзделді.
Сондықтан лексика-фразеологиялық құрамы жағынан да,
грамматикалық құрылысы жағынан да бұл стильдің негізі
– қазақтың өз тілі болды. Әрине, бұл кезде қазақ тілінің
функционалдық стильдері қазіргідей сараланып, әрқайсысы
өз белгілерін айқындап алмаған болатын, дегенмен ондай ай-
ырым белгілер мен әр стильдің азды-көпті өз нормалары бар
екендігін көрсетуге болады. XIX ғасырдың II жартысындағы
қазақ әдеби тілінің қоғамдық-публицистикалық стилін сипат-
тайтын мынадай белгілер байқала бастайды:
1.
Лексика саласында. Лексика құрамы негізінен қазақ-
тың төл сөздері болды. XIX ғасырдың II жартысында қазақ
тілінің қоғам өмірінің барлық жағын суреттей (баяндай) ала-
тын мол, тұрақты сөздік қоры бар екендігі байқалды. Функ-
ционалдық стиль сұранысына орай әлеуметтік-саяси ұғым-
дарды атайтын сөз топтары қалыптасты. Олардың бірқатары
терминдік сипат алды. Ол үшін байырғы сөздерге жаңа мағына
үстеу және ішінара жұрнақ жалғап, жаңа сөз жасау амалдары
қолданылды. Мысалы, әңгіме болып отырған кезеңде патша
әкімшілігінің ел басқару тәртіптеріне байланысты «приказ»,
«распоряжение» деген ресми қағаз атауларын қазақша беру
үшін бұрынғы
бұйрық және
жарлық сөздеріне жаңа мағына
үстеп, оларды әкімшілік терминіне көтерді. Әрине, бұлайша
қалыптасу бірден бола қоймағаны белгілі: зерттеуші Б.Әбілқа-
сымовтың талдауларына қарағанда, «Түркістан уалаяты газеті»
бұл екі ұғымның екеуін де
бұйрық сөзімен білдірген.
Жауап
сөзіне үстеме мағына қосып, бұл күнде
мәселе (вопрос) деп
жүрген сөздің ұғымын беру үшін қолданған («Бұрұн бидай
жіберетін астықты енді диірменге тартыб ұн қылыб жіберсек
қайтеді деген
жауап чықты» – «Дала уалаяты газеті». - 1896.
- 31-б.).
Достарыңызбен бөлісу: