Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет137/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

(қаншық, ойнас, күйлеу, мақтанның к..і көрінді, болыстың к...
шөмейді деген сияқты) қашпайды. Бүкіл поэзиясы жалғыз көңіл 
күйі лирикасы емес, өзге де жанрларды қамтитын Абайдай 
ақынның тілінде тұрпайы элементтердің болуы – қаламгердің 
талғамсыздығынан кеткен ақау деп емес, шығарманың экс-
прессиясы үшін қолданылған амалдар жүйесінің талабы деп 
тану қажет.
Қазақ поэзиясы бұл тәрізді стильдік мәні бар элементтерді 
бұрыннан да образ үшін пайдалануды білген. Бірақ бұл бұрын 
әр тұста бір ұшырасатын факт болса, Абай оны жүйелі түрде 
жиі пайдаланып, әрі өз қадамына тән, әрі қазақ поэзиясы үшін 
ұтымды тәсілдердің біріне айналдырған.
205
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы. 1973. - 48-б.


307
2) Кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді жандандырып, 
жиі қолдануы да, біздің байқауымызша, Абайдың өз қолтаң- 
басын танытатын белгілердің бірі бола алады. Мысалы, оның 
өлеңдерінде кісімсу, батырсу, еркесу тәрізді -сы жұрнағы 
арқылы жасалған сөздер көзге түседі. Бұл тәсілмен Абай жеке 
сөздерді ғана емес, жер тәңірісу, қалжыңбассу, еңбегі жоқ
еркесу сияқты жаңа тіркестерді де жасайды. Мұның себебін 
ақын шығармаларының мазмұнынан, дәлірек айтсақ, оның
ар-ұждан жөніндегі көзқарасынан іздеу керек. Бұл жұрнақ 
адам өзін біреуге не бір нәрсеге теңеп, балап айтумен неме-
се бірдеңені істеген я істемеген етіп көрсетумен байланы-
сты көлгірсу мәнін береді, сондықтан Абай «сөзуар, білгіш, 
закөншік, көргіштер», «малдан басқа мұңы жоқтар», «тобықты 
молыққан пысықтар» сияқты замандастарының көлгірсіген, 
әсемсіп, сәнсіген, өтірік қайраттысып, қамқорсыған бейнесін 
беру үшін осы жұрнақты қалайды, оны активтендіріп, өз 
қолтаңбасының біріне айналдырады.
Әрине, Абайға дейінгі немесе онымен тұстас ақындардың 
ешқайсысының өзіндік беті (қолтаңбасы) мүлде болған жоқ 
деген тұжырым айтуға болмайды, бірақ ешбірі де дәл Абай-
дай өз қаламын, өзінің сөз қолданыс мәнерін көрсете алған 
жоқ. Мұрасы едәуір мол сақталған Бұхар жырауды алсақ, «мы-
нау – Бұхардың қолы» деп тап басып, дәл телитін белгі көп 
емес. Бұхардың өзі сүйіп, стильдік жүк артып, Абайша жүйелі 
түрде қолданған элементтері өте аз. Бұхардың сөз саптауы – 
өзіне дейінгі есімі сақталған-сақталмаған жыраулар мектебінің 
жақсы үлгісі.
Қазақ поэзиясында сөз мәнері, стилі өзгелерден бөлекше 
танылатын «өзіндік қаламының ізі» едәуір айқын сезілетін 
Махамбетте де Абайдай үлес жоқ. Махамбеттің өзіндігі 
(«контексі») тілінен гөрі, өлеңдерінің мазмұнынан, идеясы-
нан байқалатын тәрізді. Абайдың дәл алдында өткендерден 
ақындық қуаты да, ізденісі де өзгелерден биік тұрған Дулат 
біршама ерекшеленеді, онда әудем жерден «дулаттықты» 
көрсететін тілдік белгілер аз емес, бірақ ол да Абайға шендесе 
алмайды. Демек, Абайдың поэзия тілі үшін сіңірген еңбегінің 


308
бірі – қаламгерлік даралықты, яғни өз қолтаңбасын айқын 
көрсетуі деп түюге болады.
Екінші. Абай шығармашылығы арқылы қазақ көркемсөзі- 
нің лексикалық құрамына өзгеріс енді. Ол өзгерісті туғыз- 
ған – екі нәрсе: бірі – ақын жырлаған тақырыптар мен шығарма- 
ларының жанрлық құрылысы, екіншісі – жаңа образдар іздеу. 
Поэзия тілінің лексикалық құрамы оның мазмұны (тақырыбы) 
мен айтпақ идеясына тікелей байланысты болатындығы мәлім. 
Дегенмен соның өзінде де өлеңге катыстырылатын сөздерді 
поэтизмге айналдыру – ол жеке ақынның ісі. Ал лексикалық 
поэтизм дегеніміз – белгілі бір кезендегі поэзия тілінде пай-
да болған немесе іріктеліп шыққан сөздер мен тіркестер 
(обороттар)
206
, яғни өлеңнің көркемдік талабын өтеу үшін 
қалыптасқан элементтер.
Абай, ең алдымен, қазақ поэзиясының тіліне бұрын көп 
ұшыраспайтын лексикалық топтарды қатыстырды. Оның 
басты тақырыбының бірі – адам, адамның моральдық бет-
бейнесі, сыртқы портреті, іс-әрекеті. Бұл тақырыптарды Абай 
бұрынғы ақын-жыраулардың жалпы түрде өсиет-ақыл айтуы 
сияқты сипатта емес, нақты заттың немесе әр қимыл-әрекеттің 
өзін бөлшектеп суреттеу түрінде, әр мінез-қылықтың өзін дәл 
атау түрінде жырлайды. Сондықтан адамның психологиялық 
күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізеді. Мы-
салы, сүйіскен жастардың бір-бірімен кездескен кездегі ішкі 
көңіл күйлерін дәл беру үшін бұрыннан жиі қолданылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет