305
1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан
айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да
пайдалану тән. Мысалы,
ет жүрек,
жау жүрек, ит жүрек,
ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты
эпитеттерді жұмсаса,
асау жүрек, асыл жүрек,
сұм жүрек,
мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау
жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді
келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы-
спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы,
сүтпен
енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек
бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл дегендердегі анықтауыштар
– өздері қатысты нәрселердің
(надандық, сөз, ақыл) бойлары-
на
тән сындары емес, ауыспалы мәнде бейнеленген сөздер.
Ал, екінші жағынан, Абай қолданған эпитеттердің көпшілігі
заттың, нәрсенің, құбылыстың тікелей сыр-сипатын көрсететін
нақты сындар болып келеді:
ыңғайлы ықшам киім,
күркіреп
жатқан өзен,
шұрқырап жатқан жылқы,
түсі суық сұр бұлт,
дымқыл тұман,
жарық ай,
желсіз түн.
Бір объектіні әр қырынан анықтау арқылы Абай сөздің
метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкін-
шілігін кеңейтеді.
2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің
және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар
сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда-
стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер-
без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста-
ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары»
бар ма
– осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін
жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір
ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында
пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым, мінекей» де-
ген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін
жасау үшін
далпылдап, жалпылдап, барқылдап, бартылдап,
шаңқылдап, аңқылдап, тарпылдап, қарқылдап, шартылдап,
тарпылдап, лепілдеп, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап,
жымыңдап деген жағымсыз бейнелі етістіктерді келтіреді.
306
Бұлардан басқа да осы өлеңде ақын бейтарап мағыналы
беру
сөзін емес,
тығындау етістігін алса, ол – әлдеқайда бейнелі:
соңғы сөзде жалпы «беру» семантикасымен бірге, толып
жатқан қосымша реңктер бар. Бұл – бар малын елге құр бере
салу емес, берген үстіне беру, алушының еркіне қоймай беру,
әрине, қалтқысыз беру емес, «еруліге қарулы барын» есте
тұтып беру т.т. Сондай-ақ «сияз бар десе» болыстың жүрегі құр
лүпілдемейді (лүпілдеу сөзі қалыпты күйді білдірер еді),
суыл-
дайды.
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген 18
жолдық
шағын бір ғана өлеңінде қолданған
қорғалатып, Құдай атып,
бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп, қабарып, ырылдатып,
Құдай қалжыратып сияқты бір топ етістіктің барлығының
дерлік мағынасында эмоциялық бояу бар. Тегі,
етістіктердің
өткен шақ көсемше тұлғасы қазақ әдеби тілінде белгілі бір
поэтикалық міндетті өтейтін құрал ретінде қалыптасқан деуге
болады
205
.
Образды сөздерді Абай тек етістік тобынан емес, өзге сөз
таптарынан да алып пайдаланады. Ол
қыртың, тыртың, бай-
ғұс қылпың, қу борбай, сымпыс шолақ деген сындық мағы-
надағы сөздерді да жатсынбайды, тіпті орайы келіп кеткенде,
образды одан сайын күшейте түсу үшін, кезінде Құдайберген
Жұбанов
көрсеткендей, анау-мынау тұрпайы сөздерден де
Достарыңызбен бөлісу: