Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет140/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

өмірдің өріне шығу деген абайлық тіркестердің экспрессивтік 
әсерін бере алмайды.
Қазақ әдеби тілі образды тіркестерге бұрыннан да бай бо-
латын. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы тілінің өте көркем, 
күшті дамыған бір белгісін айтар болсақ, осыны көрсетер 
едік. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда қалыптасып, 
поэтизмге айналған фразеологиялық тіркестер қазақ ақын- 
жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келді. Бұл 
амалды Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-
тайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, 
басқа шауып төске өрлеуқарағайды талға жалғау тәрізді өте
образды тұрақты тіркестерді Абай да еркін пайдаланады. 
Мұндай дәстүрлі тіркестерді өзге сөздермен және қосақтап, 
олардың экспрессивтік бояуын тіпті қоюлатып жібереді. Іспен 
емес, құрғақ сөзбен көрінетін мылжың, берекесіз адамның
образын беруде аузымен орақ орған деген тіркестің өзі өте 
әсерлі, күшті, осыны Абай аузымен орақ орған өңкей қыртың 
деп үстемелеп, экспрессивтік өңін одан әрі аша түседі. Сондай-
ақ қарағайды талға жалғау дегеннің мағынасы амалдап 
сөзімен келгенде, одан сайын әсерлене түседі. Әрине, Абай 
күллі фразеологизмді өзгертіп, сөз қосып, сөз алып, «күшейте» 
бермейді. Халық тілі қазынасындағы қалыптасқан тұрақты 
тіркестердің басым көпшілігін тұлғаларын өзгертпей-ақ өз 
мағынасында қолданады.
Абай фразеология саласында түбірлі өзгеріс жасады де-
уге болады. Ол өзгеріс, біздіңше, үш түрлі сипаттағы іс-әре- 
кеттен тұрады: бірі – перифрастикалық тіркестерді мол қол- 
дану, екіншісі – жаңа тіркестер жасау, үшіншісі – бұрынғы 
тіркестерді өзгертіп қолдану.
Перифраз (немесе перифраза) дегеніміз – бір нәрсені не-
месе құбылысты соның өзінің бір белгісін көрсетіп атау бол-
са, бұл – қай тілде де бар әдіс. Перифраздар – қазақ поэзиясы 


313
тілінде Абайға дейін де қолданылып келген болатын, бірақ ең 
басты тәсіл емес еді. Ал Абайда бұл – жүйеге айналған, өнімді 
құралдың бірі. Абай бұрыннан қалыптасқан перифраздарды да 
пайдаланады. Мысалы, әлем, дүние дегенді он сегіз мың ғалам, 
шартарап деп атауы, қызды қызыл гүл, қалам қас, піскен алма 
деп ауыстырып атауы – бұрыннан келе жатқан үлгілер.
Қазақтың байырғы әдеби тілінде өмір мен өлімді перифраз-
дап атау жиірек кездесетін. Өмірді Абай да сұм жалған, сұм 
дүние, қайран дәурен, кемді күн, бұлдыр заман деп суреттеп 
атаса, бүл перифраздардың көбін өзіне дейінгі әдеби тілден 
алды. Дегенмен Абай перифраздарының басым көпшілігін 
өзі жасаған. «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деп, сұлуға 
құмартқан арманның өзін тура атамай, оны қарсақ жортпас 
қара адыр деп ауыстырып атайды. Ең алғаш рет Абай тілінде 
көрінген таланттың аты, үміттің аты, қараңғылық пердесі, 
қайғы оты дегендер де – перифраздау тәсілімен туғандар. 
Қазақ поэзиясы тілінде перифрастық құбылыстың өте әсерлі 
үлгісіне Абайдың өз заманын соқтықпалы соқпақсыз жер 
деп атауын немесе ұлғайып қартаң тартқан шағын сұрғылт 
тартқан бейуақ деп бейнелеуін жатқызуға болады. Мұнда 
тек образдар тың емес, сонымен қатар оларды жасап тұрған 
сөздердің тіркесу қабілеті де соны: уақыт сияқты дерексіз 
ұтымды сұрғылт тартқан деген түспен қабыстыру – қазақ тілі 
үшін бұрын көп кездеспейтін тың амал.
Абайда затты не құбылысты перифраз амалымен бейнеле-
уде орыс поэзиясының ықпалы да бар сияқты. Мысалы, өзі 
сүйіп, жақсы танып оқыған Пушкиндерде өмірді жолға балау 
(путь, стезя, тропа, долина, юдоль, пустыня, степь: «Про-
сти, печальный мир, Где темная стезя, Над бездной для меня 
лежала
207
)» болса, Абайдың өмірді соқтықпалы соқпақсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет