жүрегі лүпілдеу, буыны босау, жүрегі елжіреу, тән шымырлау,
жүрек балқу, ләззат алу, сағыну тәрізді тіркестермен қатар, су-
ыну, ысыну, елең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты
жай-күй атауларын пайдаланады.
Жалпы Абай өлеңдері тілінде адамды әр алуан жақтан
бейнелейтін етістіктердің өте көп екенін атап айтуға болады.
Ақын тіпті көктем тәрізді табиғат құбылысына суреттеген-
де де, оны адам бейнесінде бергендіктен (персонификация
әдісін қолданғандықтан), күннің көзі елжірейді, гүл мен ағаш
206
Виноградов В.В. Поэтика и ее отношение к лингвистике и теории литературы //
Вопросы языкознания. - 1962. - № 5. - С. 5.
309
майысып қарайды, су бұлаңдап ағады, жер иіп емізеді, күн
қырындайды, жер күлімдейді т.т.
Әсіресе жағымсыз замандастарының образын жасау-
да бұрын поэзия тіліне көп қатыстырылмайтын бұртақтау,
тыртыңдау, арсаңдау, ит көрген ешкі көздену, ыржыңдау,
кірбіңдеу, тізесін созғылау сияқты қимыл атауларын еркін
енгізеді. Бұлар стильдік қызмет атқарып, поэтикалық құралға
айналады.
Тек психологиялық ішкі көңіл күйі емес, адамның осы
сәттегі сыртқы бейнесінің суретін оқырманның көз алдына
дәл келтіру үшін тамаққа иегі кіру, сүйеніп тұру, иықтары
тиісу, көздері төмендеу, саусағы суыну деген сияқты сөз-
дерді молынан жүйелі түрде келтіру – қазақ өлеңі үшін тың
құбылыс болды.
Абайда жалпы суреттеме (оқушының көз алдына белгілі
бір суретті елестету) тәсілі күшті берілген. Мұның өзі де –
қазақ поэзиясында тың нәрсе. Осы әдіс өлең тіліне күнделікті
тұрмыс-салтқа байналысты лексика тобын әкелді. Мысалы,
«Күз» деген өлеңінде келтірілген жыртық киім, шуда жіп,
кемік сүйек, сорпа-су, жамау, ыс деген сөздер бұрынғыдай
ауыспалы мағынада емес, тура өз мағыналарында сурет
үшін пайдаланылған. Сондай-ақ «Қараша, желтоқсан мен»
деп басталатын өлеңіндегі отын, и тон, шекпен, от, қи, қап,
үйген жүк деген тұрмысқа қатысты сөздер қыстыгүнгі қазақ
ауылының нақты суретін беру үшін алынған. Ақын өзінің
айтпақ идеясын осындай нақты сурет арқылы беріп отыр. Бұл
әдіс – қазақ әдебиеті тілінде соны құбылыс болса, оның тілдегі
көрінісі де жаңа. Өйткені бұрынғы поэзия тілінде тұрмыстық
лексика өзінің тура мағынасында сирек қолданылатын.
Суреттеме тәсілдің бір түріне көзге елестетіп берілген об-
раздар жатады. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан
түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақынға қайқаң
қағу, сылаң ету, аузын ашып қоқақтау, құйрық-қанат суыл-
дау сияқты сөздер қажет болған. Сол сияқты наданның намаз
оқыған кездегі суретін көзге елестету үшін құржың-құржың
ету, тоңқаңдау деген тіпті тұрпайы сөздерді алған.
310
Әрине, Абай қазақ поэзиясына тұрмыс-салт лексикасын
молынан енгізгенде, олардың барлығы тек нақты сурет үшін
ғана қолданылған деуге болмайды. Оларды әр алуан поэ-
тикалық құрал ретінде жұмсауды Абай әрі қарай дамытады.
Мысалы, қырмызы қызыл жібек, оңғақ бұл сөздерінің тура
мағынасы – тұрмысқа қажетті бұйым-матаның атын білдіру,
ал ақын оларды теңеу үшін пайдаланған: Қырмызы қызыл
жібек бозбалалар, Оңғақ бұлдай былғайды бір дым тисе.
Қоғамның саяси-экономикалық құрылысына, оқу-білімге,
философия мен дінге қатысты сөздер мен тіркестерді, кейде
тіпті терминдерді поэзия тіліне молынан енгізу Абайдан баста-
лады. Бұған, әрине, ақынның әйтеуір сөздікті толықтыру ниеті
емес, оның шығармашылығының мазмұны мен тақырыбы
себепкер болды. Сөздіктің бұл топтары арқылы Абай өз
заманындағы қазақ қоғамын жан-жақты суреттеумен қатар,
оларды да поэтикалық құралға айналдырады. Абай тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: |