42
лы. Мысалы, Есет жыраудың:
Мен, мен едім, мен едім, қас қара
нар мен едім... Шыны тұлпар мен едім, анық сұңқар мен едім...
Қыран бүркіт мен едім деген образдары немесе Махамбет
ақынның:
Томағалы сұңқар мен едім... Мен ақ сұңқардан туған
қудаймын... Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім деген
бейнелі теңеулері осыны танытады.
Поэтикалық фразеологияға белгілі бір экспрессиямен құ-
рылған анықтауышты (эпитетті), символды (метафоралы)
тіркестер, яғни синтаксистік конструкциялар жатады. Фоль-
клор тіліндегі поэтикалық фразеологизмдердің компоненттері
мейлінше тұрақты болып келеді. Мысалы,
қырық сан Қырым
елі деген фразеологизм
отыз сан, он сан, алты сан Қырым елі
деп өзгертіліп айтылмайды. Сол сияқты
алты сан Алаш деген
тұрақты тіркестің анықтауыш компоненті
он, қырық, отыз сан
деген сөздермен ауыспайды. О баста, сөз жоқ, бұл эпитеттердің
нақты бір мағынаға (қырық ру-тайпадан немесе алты тайпадан
құрылған этникалық одақтың атауы ретінде) қатысы болған
болу керек, бірақ келе-келе бұл анықтауыштар тұрақты тіркес
компонентін құрап, поэтикалық фразеологизм элементіне
айналған, бұған олардың эвфоникалық сипаты, яғни аллитера-
циялы, ассонансты сөздер (басқы дыбыстары біркелкі сөздер)
тіркесін жасауы (
Қырық сан Қырым, Алты сан Алаш, Он екі
Достарыңызбен бөлісу: