37
Қазақ тілі тарихы үшін ноғайлы жырларының, яғни бұрын-
ғы Дешті Қыпшақ ұлысына кірген тайпаларға – бүгінгі қазақ,
қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ XIV-ХVI ғасырлардағы
тарихи оқиғаларға байланысты туған жырлар мен аңыз-әңгі-
мелер тілінің орны айрықша. Ол жырлар – Шоқан Уәлихановтың
тануынша, «Едіге», «Ер Көкше», «Орақ», «Шора батыр» жыр-
лары және қырғыз халқының ұлы ескерткіші «Манас» жыры,
Асанқайғы, Әз Жәнібек туралы аңыз-әңгімелер.
Әдебиетшілердің соңғы кездердегі зерттеулеріне қараған-
да, «Алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» жырлары түркі
халықтарының тайпа-ұлыстық дәуірінде өмірге келген. «Ал-
памыс» жырын оғұз-қыпшақ тайпалары жүздеген жылдар
бойы
айтып келген, оған бір дәлел – «Қорқыт» кітабындағы
«Бамсы-Бейрек» жырының қазіргі «Алпамыс» жырына өте
ұқсастығы. Ал Қорқыт ата хикаясы – VII-VIII ғасырларда
Сырдария бойын мекен еткен оғұз-қыпшақ тайпалары арасын-
да туған эпикалық, әрі тарихи мұра
48
.
Бұлардан басқа ноғайлы жырлары цикліндегі «Ер Тарғын»
және Абыл, Нұрым, Мұрын жыраулар арқылы жеткен Қырым-
ның қырық батыры (Нұрадин, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази) ту-
ралы жырлар, XV-ХVII ғасырларда
жоңғар шапқыншылары-
нан қазақ жерін қорғауға байланысты туған «Ер Қосай»,
«Қарабек батыр», «Төрехан батыр» жырлары ауызша дамыған
қазақ әдеби тілімен іліктесіп келіп, бір жағынан, оның көркем-
дік нәр алған қайнар көзін құрайды. Зерттеуші Ә.Қоңырат-
баевтың жазуына қарағанда, қазақ халқында 300-дей эпостық
жыр бар. Бұлардың ішіне, сірә, тек батырлар жырларынан
өзге лиро-эпостар да кіргізілген болар.
Өзегі өте ертеден келе жатқан «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан»
өзге кейінгі дәуірлерде, XVII-ХIX ғасырларда туып, жырлан-
ған «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Мақпал қыз», «Сегіз бен
Мақпал», «Күлше қыз» сияқты лирикалық эпостар да қазақ
көркемсөзінің үлгісі болып, әдеби тілге зор үлес қосқаны анық.
Сөйтіп, жалпы қазақ әдебиеті дүниесінде эпос – өте қомақ-
ты жанр. Оның тілінің әдеби тілге, қазақтың ескі жазба тіліне,
тіпті осы күнгі жазба әдеби тіліне қайнар көз болудағы орны
48
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы, 1991. - 58-б.
38
айрықша. Қазақ ауыз әдебиетінің (фольклордың) тілі әдеби си-
пат алған, белгілі бір сөз жұмсау нормаларын қалыптастырған,
көркемдік-эстетикалық қуаты күшті тіл екенін зерттеушілер
баса
көрсетеді
49
.
Фольклор қазынасының тек батырлар жырлары мен лиро-
эпостары ғана емес, шешендік сөздер, ертегілер т.б. сияқты
жанрларының да тіл өрнегі мейлінше көркем әрі белгілі бір
лексикалық, стильдік нормалары қалыптасқан болып келеді.
Фольклорлық туындылар тілінің образдар жүйесі, поэтика-
сы, поэтикалық фразеологиясы
сол шығармалардың идеялық
мазмұнымен іліктес болатыны белгілі.
Ең алдымен, поэзия түріндегі үлгілер мен ұйқасты-ырғақты
болып келетін шешендік сөздердің тілінде өте бай бейнелі
(образды) фразеология қалыптасқан. Олар – қазақтың ауызша
да, жазба да әдеби тілдерінің мол арнасы, көркемдік қоймасы,
поэтикалық көзі болып табылады. Бұл фразеологизмдер
білдіретін образдардың дені айналадағы өмірден, қоғамның
тұрмыс-тіршілігінен, адамның өз басының қасиет-белгілері-
нен алынған болады. Қазақ ауыз әдебиетінде (ертегілерден
басқаларында)
мифтік образдар мен араб, парсы, шағатай
тілдерінен көшкен образдар, әрине, бар, бірақ төлтума образ-
дармен салыстырғанда айтарлықтай көп емес, барларының
да дені соңғы кезеңдерде – ХVIII-ХIX ғасырларда ауысқаны
байқалады.
Қазақ халқының өткен дәуірлердегі негізгі шаруашылық
күнкөрісі малға, мал өсіретін кеңістік пен табиғатқа қатысты
болғандықтан, образдардың да
басымы осы саладан алы-
нады. Оған дәлел ретінде метафора, теңеулердің дені мал,
оның ішінде жүйрік ат, нар, бота, қозы, қой атауларымен
берілетіндігін келтіруге болады. Мысалы, «Қобыланды»
жырындағы Қарлығаш өзін «Бөрік үстінде шоқтымын, қоңыр
шұнақ
тоқтымын» деп, ағасы Қобыландыны «Судан шыққан
сүйрігім, суырып озған
жүйрігім» десе, Алпамысты ағасы
Тортай: «Жалғыз
ұлы бар еді, жалғыз да болса
нар еді» деп
бейнелейді. Ал «Қыз Жібек» жырындағы Төлеген болса, ол
«ерте туған
көбеген» болып танылады. Батырлықтың образы
«оза шауып олжа алған
тұлпар» етіп танытылады.
49
Достарыңызбен бөлісу: