Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет19/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

Жолдасбеков М. Асыл арналар. - Алматы, 1990. - 72-86-б.
53
Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. - Алматы, 1978. - 19-б.


48
1. Қазақ әдебиеттанушылары Орхон жазбаларын қазіргі 
түркі әдеби дәстүрлеріне ұластыра зерттеуде көбінесе жанр- 
лық сәйкестіктерді тауып, сол жағынан жанастырады. Мысалы, 
қазақ фольклорындағы жоқтау, шешендік арнау жанрларының 
көрінісі Күлтегін, Тонықұқ ескерткіштерінен табылады дейді. 
Сонымен қатар тілдік көркемдеуіш құралдардың ішінде рито- 
рикалық сұрауларға құрылған параллельдер (көктен Тәңірі 
баспаса,төменде жер айрылмаса, ел-жұртыңды кім тор- 
лайды?)
*
адамдарға және туыстық қатынастарға байланысты 
сөздер: ата, қатун, қыз, іні, сіңлі, келін, йегін (жиен), оғул (ұл);
2. табиғат құбылыстарына қатысты сөздер: йер, тағ, қар, 
таш, тас, йыл, күн, суб (су), құм;
3. әлеуметтік қатыныстарға байланысты сөздер: ел, іл, йурт, 
қан (хан), қаған, бек, бай, күң, чығай (кедей), төрү (төре, заң);
4. әскери лексикаға жататын сөздер: сү (әскер), шерік (шеру), 
уруш, қылыч, сүңгі, оқ;
5. шаруашылыққа, тұрмысқа қатысты сөздер: бедіз (өрнек), 
ағыл (ауыл), капығ (қақпа), еб (үй);
6. жан-жануарлар атаулары: адгыр, ат, буқа, тай, інгек 
(сиыр), бөрі, қой, йылқы, йонт (жылқы), барс, бічін (мешін);
7. анатомиялық атаулар: баш, бас, адақ, көз, қаш, құлғақ, йу-
рек, сач, тіл, өд (өт);
8. заттардың сынын көрсететін сөздер: ақ, қызыл, сары, йе-
грен (жирен), йашыл, көк, кара, улуг, бедүк (биік), йуйқа (жұқа), 
йінічке, қалун (қалың);
9. есімдіктер: бен, мен, сен, сін, біз, сіз, не, қаны (қайсы), бу, 
кім;
10. сан есімдер: бір, екі, уч, төрт, беш, алты, йеті, секіз, 
тоқуз, он, йігірмі, отуз, қырық, еліг, йуз, мың, бің, түмен;
11. етістіктер: ет-, есід-, олур- (отыр-), йат-, йарат-, көр-, 
біл-, тут-, йаңыл,- сақын- (ойлан-), сығта-; үстеулер: ілкі, кідін 
(кейін), күнтүз, таңүнтүрү (таң ата), сияқты сөздер деп бөліп, 
олардың қазақ тіліне де тән екендігін, бірлі-жарым фонетика- 
лық айырмасы болмаса, негізінен сол қалпында сақталған- 
дығын көрсетеді
54
.
* Ескерткіштерден келтірілген мысалдар қазақша аударылған түрінде беріледі.
54
Айдаров Ғ. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері және қазақ тілі //Қазақ әдеби 
тілінің тарихи көздері. - Алматы, 1989. - 142-143-б.


49
Зерттеуші Ә.Құрышжанов пен М.Томанов Орхон-Ени-
сей ескерткіштері тіліндегі қазіргі қазақ тілінен тұлғалық әрі 
мағыналық жағынан ұқсастығы (сәйкестігі) айқын, ешқандай 
айырмашылығы жоқ сөздер деп 130 сөзді, ал қазіргі қазақ 
тілімен салыстырғанда кейбір фонетикалық ерекшелігі 
бар сөздер деп 397 сөзді, тұлғалық та, мағыналық жағынан 
ұқсастық таппайтын сөздер деп 311 сөзді тізіп көрсетеді
55
. Бұл 
өте құнды статистикадан біз қазіргі қазақ тіліне, оның әдеби 
түріне мағыналық жағынан сай түсетін, тұлғалық жағынан 
да сай (130) немесе аз-кем өзгешеліктерімен сәйкесетін (397) 
сөздер сан жағынан сәйкес келмейтін сөздерден көп екенін 
көреміз. Әрине, көне және қазіргі тілдердің бір-біріне алыс-
жақындығы тек сөздердің санымен ғана өлшенбейтіндігін мой-
ындай отыра, дегенмен лексикалық қордың негізі іліктестік та-
уып жатса, көне-жаңа тілдердің де арналарының бір екендігін 
көре аламыз.
Сөздік қазынасының негізі сақталып келгенімен, ондаған 
сөздің бұл күнде, мысалы, қазақ тілінде қолданылмайтын- 
дығын білеміз. Дегенмен қай түркі тілі болмасын, өздерінің 
бүгінгі лексикалық қазынасында көне сөздерді ішінара сақтап 
қалғандығы да байқалады. Мысалы, қазақ тілінде «мүлік» 
мағынасыңдағы көне түркілік барым сөзі, «шақыру» мағына- 
сындағы оқу, «сөйлеу, сөз» мағынасындағы саб (сөз саптау – 
«сөз сөйлеу»), «кедей» мағынасындағы шығай (Шықбермес 
Шығайбай) деген сөздер тұрақты тіркестердің құрамында не- 
месе жалқы есімдердің аталуында сақталған. Осы сияқты 
«өзен» ұғымындағы үгуз (өгіз) сөзі топоним құрамында 
кездеседі. Бірқатар көне түркі тұлғалары бұл күндегі плео- 
настық (бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданылуы) тір- 
кестерде сақталғанын көреміз. Мысалы, ел-күн, жылап-сық- 
тау деген қос сөздердің екінші сыңарларының бірі – күн 
көне түркі жазбаларында «ел, жұрт» мағынасындағы, сықтау
«жылау» мағынасындағы сөздер.
Көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсіл-құралдар саласына келсек, 
белгілі бір атаудың тұрақты эпитеттермен келуі Орхон ескерт- 
кіштеріндегідей, қазақтың әдеби тіліндегі айрықша көркемдік 
55
Құрышжанов Ә., Томанов М. Көрсетілген кітап. - 45-57-б.


50
белгілерінің бірі екендігін айту керек. Мысалы, «Күлтегін- 
дегі» сүчіг саб (тәтті сөз), йымшақ ағыс (асыл дүние), беңгү 
тас, еріг йер, қара йер, қызыл қан, қара тер, көрер көз, сарығ 
алтун, өрүң күмүш сияқты тіркестердегі тұрақты эпитеттер- 
дің өздері де, оның аналогтері де қазақтың ауыз әдебиеті 
тілінде, ауызша дамыған авторлы әдеби тілінде және жазба 
әдеби тілінде молынан кездеседі.
Сол сияқты дыбыстар үндесуі (эвфония), яғни аллитера-
ция мен ассонанс қазақтың ертеден келе жатқан сөз өнерінде 
(поэзиясында, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде) кеңі- 
нен қолданылып келіп, бүгінге дейін эстетикалық-көркемдік 
құрал ретіндегі мәнін жоймаған болса, мұның көрінісін де
Орхон жазбаларынан табамыз: теңрі төпесінде тутуб (Тәңірі 
төбесіне көтеріп)... көрер көзім көрмес тег, білір білігім білмес 
тег болту (көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей 
болды)
56
.
Міне, осы көрсетілген фонетикалық, грамматикалық, лекси- 
калық және көркемдік ұқсастықтар көне түркі жазбаларының 
тілі – қазақ әдеби тілінің де бір арнасы екенін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет